Хакімжан парсы тілінен аударғанда «тыныс, жан, өмір» дегенді білдіреді. Бұл есімнің өзі өмірінде үш жүзден астам бюст пен ескерткіш жасаған Қазақстандағы тұңғыш кәсіби мүсіншінің тағдырын айқындап берді. Хакімжан Наурызбаевтың 100 жылдығына орай кітапханада «Елдің тұңғыш мүсіншісі» атты әңгіме өтті. Балалар көрнекті мүсіншінің өмірі мен шығармашылығымен танысып, ол туралы деректі фильмді тамашалады.
Айта кету керек, Хакімжан Наурызбаев мүсін өнерінің ең қиын жанрларының бірі – портреттер жасаған. Неліктен қиын? Ал елестетіп көріңізші, тас блокқа өмір беру үшін сізге қандай шеберлік қажет? Адамның мінезін қоламен жеткізу үшін қандай сезімтал адам болу керек! Бейнелеу өнерімен айналыспасаңыз да, қазақтың дарынды мүсіншісінің хикаясы – асқан ерліктің, еңбек пен таланттың үлгісі.

Снимок экрана 2025 08 26 123143

Яндекс.Метрика