Archived Articles

                                                                                                                                                                 

7 ақпанда №4 мектеп-интернатының оқушылары үшін №16 филиалдың кітапханасында «Низами құпиялары қазынасы» атты даналық қоймасы іс-шарасы өтті. Шараның мақсаты: іс-шара Қазақстандағы Әзірбайжан жылын өткізу аясында әлем әдебиетінің бір бөлшегі ретінде әзірбайжан әдебиетінің құнды кітаптарына оқырмандар назарын аударту, әртүрлі ұлт өкілдерінің бірлігін нығайту. Шара барысында жүргізуші Әзірбайжанның көрікті жерлеріне виртуалды саяхат жасауды ұсынды. «Әзербайжан туралы қызықты деректер», «Яндарда ғажайып тауы», «Қыз мұнарасы» атты бейне көріністер  өте заманауи ел болып табылатын және сонымен қатар ежелгі рухты сақтайтын Әзірбайжанның мәдениетін көрсетті. Әңгіме  кезінде Әзербайжанда ғана емес, бүкіл әлемде - Низами Гянджевидің танымал және құрметті ақыны туралы айтылды. «Әзірбайжан жазушыларының шығармалары-балаларға», «Поэтикалық альманах - Низамидің өлеңдері» бейне көрінісі мен «Низами Гянджеви» мультимедиялық презентациясы көрсетілді. Оқушылар Низамидің «Жеті әдемілік» поэмасының үзіндісі, сондай-ақ  жеке бөліктерге алдын-ала басылып шыққан жазушының ақыл-ойлары мен шығармалары жазылған «қолжазбаларын» оқыды. Іс-шараның соңында Ұлы ақын туған және өмірінің 63 жылын өткізген ежелгі Гянджа қаласы мен ақынның есімін еске түсіретін Низами Гянджеви кесенесіне виртуалды экскурсия жасалды. Шара Александрия кітапханасының директоры Исмаил Серагелдиннің «Низами Гянджеви Әзірбайжан әдебиетінің дамуында ғана емес, сонымен бірге әлемдік мәдениетте де үлкен рөл атқарды» деген сөздерімен  аяқталды. 

азербайджанский поэт НИЗАМИ minучастники ларца мудрости Сокровищница Низами min

Яндекс.Метрика

  1. Соңғы жаңалықтар
  2. Бейне жаңалықтар

«Ғалымның сара жолы» …

05-04-2024 Hits:27 Соңғы жаңалықтар Altin - avatar Altin

Биыл ұлтымыздың ұлы перзенті, Қазақстандағы геология ғылымының негізін қалаушы, мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі»...

Ары қарай оқу

"Өнерпаздың сырлы ә…

26-03-2024 Hits:43 Соңғы жаңалықтар Altin - avatar Altin

2024 жылдың 14 наурыз - Көрісу күніне М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада ҚР Мәдениет және театр қайраткері, ҚР Еңбек сіңірген қызметкері, жазушы-драматург, режиссер, ақын, сазгер, өнер зерттеушісі Аманолла Шайбековпен "Өнерпаздың...

Ары қарай оқу

"Жүрек жылы" ойын…

18-03-2024 Hits:31 Соңғы жаңалықтар Altin - avatar Altin

7 наурыз күні Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы кітапхананың балалар бөлімінде оқушыларға арналған "Григорий Потанин атындағы ОМ" КММ және "Академик Е.А. Бөкетов атындағы №52 ОМ" КММ Халықаралық әйелдер күніне арналған "Жүрек...

Ары қарай оқу

 

 

 

 

Яндекс.Метрика