2018 жылдың 9 ақпан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында М.О.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханасының өлкетану бөлімінің «Туған жерім-тұғырым» жобасын жүзеге асыру үшін зейнеткерлерге арналған «Замандас» клубының ашылуы өткізілді.  Мақсаты: кітапхананың қарт оқырмандарына қоғамға пайдалы болуға, өз іс-тәжірибелерімен бөлісуге, білімдері мен қызығушылықтарын көрсетіп, жаңа достар табуға мүмкіндік беру.  «Замандас» клубы жыл бойы Қарағанды қаласында тұратын өнегелі адамдармен кездесулер, әйгілі адамдардың мерейтойларына арналған кештер өткізуді жоспарлайды. Клубтың отырысы кварталда бір рет өткізіледі.

DSC 0433 minDSC 0435 minDSC 0447 min

 

«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де Жазушы, этнограф, қоғам қайраткері Ақселеу Сейдімбектің туғанына 80 жыл толуына орай  «Өлке тұлғалары» кітапханалық тележобасы аясында «Ұлт руханиятының жанашыры» атты кездесу кеші өтті. ҚР мәдениет қайраткері, филология ғылымдарының докторы, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университетінің профессоры Асанов Қойлыбай Дәулетқанұлы кештің арнайы қонағы ретінде шақырылды. Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар «Белсенді ұзақ өмір сүру» арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету  орталығы» КММ директорының орынбасары Уахитов Бекен Уахитович және орталықтың мүшелері сонымен қатар «Замандас» клубының мүшелері қатысты.

05dc6194 a7fb 4063 b5b2 ce3773d39375  821a331f 5f46 4325 90d3 fe8c5f6750ad

6668973f a611 4584 b2c7 690591153610

«Қарағанды  қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің қолдауымен «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де "Өлке тұлғалары" кітапханалық тележобасы аясында «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері», Ы.Алтынсарин төс белгісінің иегері, «Мәдениет саласының үздігі», Қарағанды жоғары Гуманитарлық колледжінің директоры, Қарағанды қалалық маслихатының депутаты Амиров Есжан Сарманқұлұлымен "Өнерлі ұстаз" атты кездесу кеші өтті. Кездесу кештің қонақтары: ақын, эссеист, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Абай» атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Серік Ақсұңқарұлы; эстрада әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Досымжан Қарпықұлы Таңатаров; «Ақниет» ансамблінің мүшелері; «Замандас» клубының мүшелері қатысты.

IMG 1118   IMG 1135  

IMG 1157   IMG 1184

 «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-ның М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында Мұқан Төлебаевтың туғанына 110 жыл толуына орай «Музыка бәйтерегі – Мұқан Төлебаев» атты кездесу кеші өтті. Кездесу кешіне «Замандас» клубының мүшелері қатысты.

a53fa32f 26e3 4561 b735 8e4f8619052c   1a66c717 206c 430b a94a 741815ffcfd9

7fef9c49 75ba 4617 9de2 96e9f9226bbf  9c50f4d4 ab40 4d5a a364 6b32e170be83

 В центральном парке культуры и отдыха г.Караганды при поддержке акимата города Караганды, Бүгін Қарағанды қаласының орталық мәдениет және демалыс саябағында Қарағанды қаласы әкімдігінің, "Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ қолдауымен "Қарағанды қаласының ОКЖ" КММ "Жан мен музыка" атты музыкалық-поэтикалық кеш өткізді. Кеш барысында Қарағанды ақындары С.Жанысбай, В. А. Голобородько, Т. А. Облопова, Т. Стрельчук және поэзия әуесқойлары К. Төлеуханова, Б. Ибраева қарағандылық авторлардың өлеңдері мен өз шығармаларын оқыды. Кеш бойы "Ақниет", "Көзкөргендер" ансамбльдерінің, "Мuza" дуэтінің, А.Шайкеновтың орындауында әндер шырқалды. Кеш қонақтары поэзия мен музыканың таңғажайып үйлесіміне куә болды. Кеш қала қонақтарының көңілінен шықты.

WhatsApp Image 2023 07 20 at 16.00.15   WhatsApp Image 2023 07 20 at 16.00.16

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика