2023 жылдың 25 қараша күні Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің қолдауымен М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада Теміржолшылар мәдениет сарайымен бірге Міржақып Дулатұлының туған күніне орай "Алаш айлығы" аясында «Азаттықты аңсаған ұлт көсемі» атты шара өткізілді. Шараға Кеңес Одағының батыры Т.Я.Бигелдинов атындағы Қарағанды «Жас ұлан» республикалық мектебінің оқушылары, кітапхана оқырмандары қатысты. Шара барысында «Міржақып. Оян, қазақ» сериалының үзінділері көрсетіліп, балаларға қызмет көрсету бойынша №1 филиал кітапханашысы Абильдина Азиза «Бақытсыз Жамал» романынан үзінді оқып, Қарағанды теміржол колледжінің 3 курс студенті Әлихан Медеуұлы «Оян, қазақ» өлеңін мәнерлеп оқыды, теміржолшылар мәдениет сарайының әншісі Дүйсенбин Шырақбектің орындауында «Қазақстаным», «Байтақ елім» әндері шырқалып, Казмитка Марат Қызметханұлы «Ақсақ құлан», «Салтанат» күйлерін тарту етті. Шара соңында «Азаттықтың жаршысы - Міржақып» кітап көрмесіне шолу жасалып, қатысушылар естелікке суретке түсті.

Аlash   Alash1

Яндекс.Метрика