«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында қазақтың көрнекті ақыны, ҚР Халық жазушысы, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына орай "Өлеңім өмір дастаны" атты поэзиялық кеші өтті.
Фариза Оңғарсынова кеңінен таралған талай шығарманың авторы ретінде оқырманның есінде мәңгі сақталады. Оның отты өлеңдері, очерктері, әңгімелері, повестері елімізде ғана емес, шетелдерде де танымалдылыққа ие болды.
Мерейтойға арналған іс-шараға Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенттері, жас кітапханашылар қатысты.
Іс-шара барысында ақынның өз елінің адал патриоты, жоғары білікті аудармашы, талантты публицист болғаны туралы естелік әңгімелер айтылды.
Еңбек жолын ауыл мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып бастап, содан кейін облыстық газетте журналист болған, алғашқы өткір мақалалары қоғамды өзіне назар аударуға мәжбүр еткен қыз қазақ поэтикалық классикасының үздік дәстүрлерін жалғастырған, қазақ поэзиясындағы бірегей құбылыс, ешкімге ұқсамайтын ақын болды. Іс-шарада кітапхана оқырмандары ақынның өлеңдерін оқыды.
Поэзия кеші соңында кітапхана оқырмандары естелік фотосуретке түсті.
 
Fariza   Fariza1   Fariza111
Яндекс.Метрика