"Қарағанды қаласының ОКЖ" КММ»

№15 кітапхана филиалы 

 

Мекен-жайы: Қарағанды қ., Пичугин к-сі, 240 ш. 1-2.

Тел. +7(7212) 51-10-93, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кітапхана құрылымы:

абонемент,
оқу залы.


Кітапхана қоры:

20200 дана,
оның ішінде қазақ тілінде: 5270 дана.


Қордың негізгі мазмұны:

салалық,
анықтамалық,
көркем әдебиет.


Мерзімді басылымдар:

журналдар,
газеттер.


Кітапхана ынтымақтасады:

№ 58, 41 ЖОББМ
компания "eMenu.kz.",
"Дипнер" жарнама агенттігі.

Кітапхана жұмысы туралы ақпарат БАҚ беттерінде, олардың сайттарында көрсетіледі.

Кітапханада оқырмандардың қызығушылықтарын барынша қанағаттандыру және дамыту үшін жаңа ақпараттық технологиялар қолданылады, оқырманды өз ресурстарында да, Интернет-ресурстарда да бағдарлайды, оны қызықтыратын тақырып бойынша ең құнды дереккөздерді ұсынады, ең маңызды атаулар мен әдебиет туындыларын насихаттауға ықпал етеді.

Интернет арқылы біздің оқырмандарымыз көптеген анықтамалықтарға қол жеткізе алады, соңғы әлемдік және аймақтық жаңалықтардан үнемі хабардар болып отырады.

Жыл сайын акциялар өткіземіз: "Бір ел - бір кітап", "Ең қалың формуляр", "Досыңды кітапханаға әкел".

Жұмыстың жаңа нысандарын қолдана отырып, барлық оқырман топтары үшін бұқаралық іс-шаралар өткізіледі.

 

20180214 13401920180316 14485020180413 10333620180502 14255720180502 145434

 

2022 жылы кітапханада жөндеу жұмыстары жүргізіліп коворкинг орталығы ашылды.

kovorking 1    kovorking 2

1

 2022 жыл

 

28.04.22 №15 кітапхана филиалы №58 орта мектеп Жас-Сарбаз курсанттарымен бірігіп «Ұлттың ұлы ұстазы» атты  іс-шара өткізді.  

Мақсаты: Оқушылардың ақын шығармашылығына деген қызығушылығын ояту, кітапқа, ақындық сөзге деген қызығушылығын арттыру, жалпы адамзаттық құндылықтарға дұрыс көзқарасын қалыптастыру тілге деген сүйіспеншіліктерін арттыру оқушылардың  назарына  А.Байтұрсыновтың көптеген үлкенді-кішілі әдеби шығармаларымен таныстырды. Оның өлеңдері мен әңгімелері тілі мен мазмұны жағынан кең.  Ал, шара соңында кітапханашы  «Ұлттың рухани көсемі»  А.Байтұрсыновтың  дәуірін бейнелейтін кітап көрмесін ұсынды.

15 filial   15 filial 1

04.03.22 ж. №15 филиалдың кітапхана ұжымы 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған әдеби кешін өткізді. Кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Әлемнің жарығын сыйлаған» атты іс-шара өтті. Іс-шараға зейнет жасындағы тыл ардагерлері Абдыкеева Рахия  және Филипенко Надежда Серафимова және зейнеткер жасына жеткен оқырмандарымыз  шақырылды. Кітапхана меңгерушісі Жанар Бақмағамбетова мерекенің тарихы туралы айтып, адамзаттың әдемі жартысына арналған өлеңдер оқыды. Қонақтар 8 наурызға дейін кітапханашылар дайындаған викторина сұрақтарына құлшыныспен жауап берді.

8 marta 15 f      8 marta 15 fil

 

2022 жылғы 4 маусымда Орталық саябақта "киіз үйдегі кітапхана" жобасы аясында № 15 кітапхана-филиалы және № 6 филиалы ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шара өткізді.

Киіз үй қонақтарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы мен Әнұранының құрылу тарихы туралы баяндайтын түрлі-түсті басылымдар ұсынылды. Қонақтар көрмеде ұсынылған материалдарды қызығушылықпен қарап, кітапханашының ақпаратын мұқият тыңдады.

 

Iurta 15 f

 

02.12.2022ж №15 кітапханада «Даму кеңістігі» орталығының салттантты ашылуы өтті. Онда кітап оқуға, шығармашылықпен айналысуға, түрлі ойындар, шығармашылық кездесу өтізуге барлық жағдай жасалған.Шараға Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы Нұртаева Баян Сейітбекқызы, кітапхана оқырмандары қатысты. №15 кітапхана меңгерушісі коворкинг аймақтарымен, мобильді кітапхана мен таныстырды. Салтанатты ашылуға Қарағанды қаласының Тәттімбет атындағы  өнер колледжінің студенттері қатысып өнерлерін көрсетті. Кітапхананың тұрақты оқырмандары «бұл орталықта  жастарының бос уақытын тиімді пайдалануына және мектеп қабырғасында алып жатқан білімін одан әрі жетілдіруіне септігін тигізеді», – деп   ұзақ өмір сүру орталығының басшысы Уахитов Б. сөз сөйледі.

Шара соңында оқырман Рахиля апай  сөз сөйлеп, шашу шашты.

 

Otkrytie kovorking 15   Otkrytie kovorking 15 1  Otkrytie kovorking 15 2

 

 

   

 

 

 
  

 
  

 

 

Яндекс.Метрика