№6 кітапхана филиалы
«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ №6 кітапхана филиалы 1960 жылы құрылған. 32 квартал шағын ауданында орналасқан. Қызмет көрсету ауданында: №88 ЖББОМ, №62 ЖББОМ, №41 мектеп-гимназиясы, «Мұрагер» ОМИ, ҚарМТУ, КУБУП орналасқан, сондай-ақ біздің кітапхана Қарағанды облысы Білім беру басқармасының «Ақпараттық технологиялар» мектеп-лицей-интернатымен, гуманитарлық колледжбен, медицина колледжі және Тәттімбет атындағы өнер колледжімен тығыз байланыста.
Кітапхана отбасылық оқу бағыты бойынша «Отбасымен бірге оқимыз» бағдарламасы аясында жұмыс істейді. Сондықтан, кітапханадағы барлық жұмыс балалар мен олардың ата-аналарын, сондай-ақ жасөспірімдерді кітапханаға тарту бойынша, кітапханалық және басқа да көпшілік іс-шараларды өткізу үшін құрылады.
Негізгі мақсаты: әр түрлі жастағы қолданушыларды оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, іс-әрекеттің ерекше түрі және ақыл-ой күйі ретінде дамыту. Отбасылық оқуларды жаңғырту және ата-аналардың, балалар мен жасөспірімдердің мәдени бос уақытын ұйымдастыру. Кітапханада кітапханашылар, балалар мен жасөспірімдер арасындағы ынтымақтастық атмосферасын құру, кітапхана қабырғасында бірлескен бос уақытты ұйымдастыру әр түрлі жастағы оқырмандардың шығармашылық қабілеттерін ашуға көмектеседі.
Біз, кітапханашылар, барлық отбасы мүшелерінің оқырмандық сұраныстарын қанағаттандыру және қалыптастыру үшін өз мүмкіндіктерімізді көрсетуге және барлық жағдайды жасауға тырысамыз. Бүгінгі таңда отбасы балаларды кітапқа, оқуға баулуда кітапхананың сенімді серіктесі болып табылатыны туралы айтуға болады, бірақ біз балалармен ғана емес, сонымен қатар жасөспірімдермен де тығыз байланыста екенімізді айтуымыз керек.
Мәдени-демалыс іс-шаралары кітапхана жұмысының ажырамас бөлігі болып саналады. Кітапханада кітаптар мен оқуды насихаттау мақсатында әдеби викториналар, дайджесттер, кітап шолулары, музыкалық шығармалар, ақпараттық деректер өткізілді. Мәдени-демалыс іс-шараларының негізгі міндеті - кітаптар, журналдар, оқуды насихаттау.
Еріктілер жылы аясында біздің кітапхананың ерікті студенттерімен бірге Қазыбек би атындағы ауданның үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімімен Алғыс айту күніне арналған іс-шара өткізілді, сонымен қатар еріктілер Қала күні тарихи-өлкетану музейінде өткізілген М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхананың «Өлке тұлғалары» тележобасына, «Жұлдызды оқырман» желілік жобасында қатысты.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай кітапханада ардагер Б.Е.Есжановпен кездесу ұйымдастырылды, интервью Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің YouTube каналында жарияланды (https://www.youtube.com/watch?v=ArGlDQ74dbA ).
Қазіргі уақытта Интернет адамдар өмірінің көп бөлігін алады. Біз барлығымыз ақпаратты ғаламтордан білеміз және оны көптеген әлеуметтік желілерде бөлісеміз, сондықтан кез-келген мазмұнды желідегі қызметтер кеңінен танымал және жоғары рейтингке ие болуда.
Ғарыш күніне ҚарМТУ студенттерімен Zoom платформасында іс-шара өткізілді.
На странице в социальных сетях ВКонтакте және Instagram әлеуметтік желілердегі парақшаларда қызықты ақпараттардеректер, бейнешолулар, ақпараттар, қызықты, танымды сайттарға сілтемелер жүктеледі, сонымен қатар виртуалдық кітап көрмелері, бейнеқаралымдар, фотобайқаулар және т.б. (https://www.instagram.com/bibliotekafilial_no.6/; https://vk.com/id580782603 ).