№ 8 филиалдың кітапханасы «Қарағанды ​​қаласының орталық кітапхана жүйесі» КММ кітапханасы

P1180988 minP1180990 min

1 маусымда сағат 12-де «Ақниет» БЖК мүшелеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне     «Жүрегім Отан деп соғады» атты танымдылық сағат 2 орам  24 үй  ауласында өткізілді.Шара басында  ҚР Әнұраны орындалды. Кешті жүргізуші Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихын баяндайтын әдебиеттерімен таныстырып,  мемлекеттік рәміздер жайлы мәліметтер берілді.  Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру  мақсатында балаларды  «Тарихы терең төлтаңбам» атты сұрақ-жауап кезеңіне шақырдық.  Балалар сұақ-жауап ойыны кезінде Тәуелсіз Қазақстанның тарихы және рәміздері жайлы өздерінің білімдерін көрсетті.  Шара барысында  мемлекеттік рәміздердің тарихы  жайлы; олардың тәуелсіз, суверентті Қазақстан үшін, сонымен қатар Қазақстан елінде тұратын әрбір азаматтар үшін маңызы зор екені айтылды. Шара «Тарих беттерінен» атты тақырыптық сауалнамамен жалғасты. Іс-шара патриоттық әндер шырқалуымен жалғасты. Іс-шара өте көңілді, патриоттық рухта өткізілді.

001  002

003  004

005  006

007  008

009  010

011  012

Алаш қозғалысының қайраткерлері» (Алаш партиясының және Алаш Орда үкіметінің құрылғанына – 100 жыл)

Шара түрі: жылдам ақпарат

Өткізілетін уақыты: 13 қаңтар

Кітапханада «Алаш қозғалысының қайраткерлері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Жылдам ақпарат барысында қазақтың алғашқы саяси партиясы «Алаш» пен Алаш орда үкіметінің пайда болуы, қазақ халқының тәуелсіздігі үшін көп ғасырлық күресі жайында мағұлмат берілді. «Алаштың» бұрынғы қайраткерлері және ғылыми және шығармалық интеллигенциясы қазақтың басқарушы таңдаулы тобының өкілдері қазақ мемлекеттілігінің іргетасын қалаушы-ларының бірі, сол кезеңдегі Қазақстан тарихында көрнекті саясаткер, ғалым, публицист А.Н. Бөкейхановтың (1866-1937 жж.) қызметі ерекше орын алағандылығы туралы деректер айтылды.

Жаңадан 1 оқырман жазылып, 4 құжат үйге берілді.

 Мақсаты: Алаш партиясының және Алаш Орда үкіметінің құрылғаны туралы мағлұмат беру. Оқушылардың қоғамдық ой-өрісін дамыта отырып, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

 

18 наурызда кітапханада №74 ОМ-тің 4 «а»  сынып оқушыларына арнап «Наурыз-думан» атты музыкалық композиция өткізілді. Іс-шараға  кітапханамыздың белсенді кішкентай оқырмандары қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Шара барысында балалар әндер шырқап, билер биледі. Мерекелік кешке арнайы Октябрь ауданындағы Жаңа Мәдениет Үйінің мәдени қызметкерлері шақырылып, тойымызды қыздыра түсті. Олардың орындауларында әсем әндер мен күйлер кешке қатысушылардың зор ықыласына ие болып, өте бір қуанышты, көңілді көңіл күй сыйлады. Іс-шара соңында кітапханашы Б.Қ. Рысмағанбетова балаларға күлдіргі жұмбақтарды жасырып, балалардың білім деңгейін анықтадық. Шараға арнап қазақтың ұлттық дастарханы жайылып, қатысушылар наурыз көжеден дәм тартты.

013  014

015  016

017  018

019  020

021

 

13 ақпанында №8 кітапхана-филиалының  оқу залында «Жастығын жалын шарпыған» атты  кездесу кеші өтті. Іс-шараға №74 ОМ-тің  10 «б»  және №58 кадет мектебінің  7 «б» сынып балалары қатысты. Кешке арнайы  қаламыздың тұрғындары, Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысқан ардагерлер Аяғанов Нұрболат Жолболдыұлы,  Қабжанов Айдос Сейфуллаұлы, Талғат Құсайынұлы Мусалиманов шақырылды.  Бейбіт өмірімізді қорғайтын жастарымыздың бойына отансүйгіштік сезім мен патриоттық рух ұялатар майдангер азаматтар – қай уақытта болсын үлгі-өнеге, тәрбие мектебі. Кеш барысында оқушылар ардагерлерге сауалдар қойып, оның өмірінен шынайы оқиғаларды қызыға тыңдауға мүмкіндік алды. Осы айтулы шараға арнап  оқырмандар патриоттық тақырыпқа байланысты өлең жолдарын оқыды. Жас ұрпаққа  осындай шаралар арқылы  патриоттық  тәрбие беру кітапханашылар міндеті деп білеміз.

001  002

003  004

2 наурызда №74ЖББМ-тің кітапхана залындақазақтың батыры М.Мамыраевтың 110 жылдығына арналған  «Ұлы ерлік ұрпаққа үлгі» атты Storytime өткізілді. Шара барысында кітапханашы М.Мамыраевтың  өмірбаянымен таныстырып, батырдың ерлік істері жайлы әңгімелеп бердік. Сонымен қатар, кітапханадағы  М.Мамыраев жайлы кітаптар, мерзімді басылымдар беттеріндегі мақалаларымен таныстырып өттік. Шара соңында кітапханашы оқырмандарға Мартбек Мамыраев жайлы бірнеше сұрақтар қойып, оқушылар  жауап беру барысында белсенділік танытты. Іс-шара  өткізу арқылы  біздер  Қазақтың батыры Мартбек Мамыраевтың жарқын өмірі  және Ұлы Отан соғысындағы ерлік істерін жастарға үлгі ете отырып, оларды отаншылдыққа, сүйіспеншілікке,  елін, жерін қорғауға, бейбітшілікті нығайтуға тәрбиелейміз.

005  006

007  008

01.02.18  күні  №8 филиал- кітапханасында №74  ОМ-тің  8 сынып оқушыларына  «Туған өлкеміз - біздің мақтанышымыз» атты өлкетанулық кеш өткізілді.Оқырмандарды  Қарағанды қаласының тарихымен, өсы өлкенің дамуына ат салысқан атақты адамдардың өмірімен таныстырып өттік.  Бүгінгі  таңда Қарағанды шаhары ең ірі қалалардың бірі болып саналады. Себебі, жерінің көлемі жағынан да, жер қойнауындағы қазынасы жағынан да алғашқы орындарды иемденеді. Сонымен қатар, бұл қала -  елімізге еңбегі сіңген көптеген ірі тұлғаларымыздың, ақын-жазушыларымыз бен әншілеріміздің туған өлкесі екендігін баса айттық. Олар Бұқар Жырау, Мартбек Мамыраев, Нүркен Әбдіров, Тоқтар Әубікіров т.б. Өлкетанулық кеш «ҚАРАҒАНДЫ» атты кроссворд шешу ойынымен жалғасты. Іс-шара барысында өлкеміздің жер қойнауындағы байлығы жайында, ірі өнеркәсіпті қала екенін мақтанышпен оқырмандарға жеткізіп, оларды өз өлкесінің, туған жерінің патриоты болуға шақырдық. Кеш барысында оқырмандар дайындап келген ақындардың өлең жолдары оқып, әндер шырқады. Іс-шара барысында  оқушылар өздерін қызықтырған  сауалдарға жауап алды. Кітапханашы кітап көрмесінде ұсынылған әдебиеттерге шолу өткізді.

009  010

011  012

16 наурызда  Әуезов атындағы орталық кітапханада  №8 филиал-кітапханасындағы «Кітапхана – қарттарға» мақсатты бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыс қорытындысын көрсету мақсатында кітапханамыздың қарт буынды оқырмандар  тобы «Наурыз көктемгі жарқын мереке» мерекелік сайысқа қатысып,  ұлттық салт-дәстүрді насихаттады.Іс-шара барысында кітапхана меңгерушісі  Наурыз мерекесінің ерекшеліктерін, салт-дәстүрлері және  әдеп-ғұрыптарымен таныстырып өтті. Сайысты бағалайтын әділқазылар алқасы тағайындалды. Мерекелік сайыс  бірнеше кезеңнен тұрды. Сайыстың әрбір кезеңдеріне қатысушылар дайындалғанша, ән мен жырдан шашу шашылды. Сайыс соңынан әділқазылар алқасы  қатысушылардың білімін, өнерін бағалап марапаттады.

013  014

015  016

017  018

 

2019 жылы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық сұхбат - Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты үндеу жолдады. Осы маңызды оқиғаға байланысты 26 қыркүйек күні №8 кітапхана-филиалында «Президент жолдауы - халықты қолдау» атты ашық кітап көрмесі өтті. Жолдаудың ақпаратын қамтитын мерзімді басылымдар, сондай-ақ қазақстандықтардың осы жаңа құжаттағы пікірталастары ұсынылды. Материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылды.

001  002

003  004

14 желтоқсанда №8 кітапхана филиалы №74 ЖББОМ қабырғасында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған  «Тәуелсіздік – ел тірегі» атты тарихи сағат өтті.Тарихи сағат №82 ЖББОМ-тің акт залында ҚР Әнұранымен басталды. Іс-шара барысында  кітапханашы туған еліміздің жетістіктері мен тарихына қысқаша шолу жасап өтті. Кітапханашы қатысушыларға тәуелсіздік тарихы туралы еске салып, Қазақстан халқы үшін тәуелсіздік алудың маңызы туралы айтты, тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың жаңа Қазақстанның құрылуындағы үлесі туралы атап өтті.  Шара барысында тәуелсіздік алғаннан бастап қазіргі уақытқа дейін мемлекетіміздің өміріндегі негізгі кезеңдер аталып өтті. "Біздің мақтанышымыз – Тәуелсіз Қазақстан" атты презентациямен  таныстырылды. Кітапханашы оқушылар назарына "Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі" атты кітап көрмесі ұсынылды. Іс-шара соңында ақпаратты бекіту үшін "өз Отаныңды білесің бе?" атты танымдық сұрақ-жауап ойнатылды. Іс-шара қызықты және танымды өтті.

005  006

007  008

009  010

011  012

013

13 қараша күні №8 кітапхана филиалы №74 орта мектеп қабырғасында Ұлттық валюта күніне арналған  «Төл теңгеміз – тәуелсіздік символы» атты дайджест өтті. Дайджестке №74 орта мектептің 9 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында ақшаның пайда болу тарихы жайлы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат бердік. Басқа ел валюталарымен таныстырып өтіп, ұлттық валютаны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі жайлы кеңірек таныстырып өттік.  «Теңге – ел тұрақтылығы мен тәуелсіздігінің белгісі» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Шара өте тартымды, танымды өтті.

014  015

016  017

018

13.03.2020 күні №8 кітапхана филиалында   абонемент бөлімінде №74 ОМ оқушыларына Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына арналған  «Шығыстың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүк атты еске алу сағаты өтті. Шығыстың қос жұлдызы атанған Әлия мен Мәншүк жайында және ерліктері жайлы ақпарат берілді.   1941жылы 22маусымда Германия хабарламастан Отанымызға шабуыл жасады.Соғыс басталды Бұл –әділетсіз соғыс Біз жеңеміз деп қолдарына қару алып қос жұлдызымыз соғысқа аттанды.      Қазақтың қос жұлдызы Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың жарқын өмірі және Ұлы Отан соғысындағы ерлік істерін ұрпаққа үлгі етіп,өнеге ету.  Ел басына күн туған қиын –қыстау күндерде азамат жүгін арқалап мыңдаған қазақ қыз –келіншектерді уақыт сынынан, тарих талқысынан сүрінбей өтті.Іс- шараға қатысқан оқушылар Батыр қыздарымызға арналған өздерінің тақпақтарын оқыды.Шара соңында оқушылар Кітап көрмесімен танысты.

019  020

021  022

12 сәуір күні  №8 кітапхана филиалы №13 ЖББОМ-тің кітапхана қабырғасында 6 сынып оқушыларымен  латын әліпбиін дамытуға арналған «Латын әліпбиі -  болашаққа қадам»  атты латын  әліпбиін жазып үйренік өтті.

Қысқаша мазмұны: Шара барысында оқушыларға латын әліпбиінің тарихыы баяндалып,  оқушылардың алдарына латын әліпбиі тартатылып, жаңа әліпбимен танысты. Оқушлырлар көптеген сұрақтар қойып, ой-пікірлерін айтты.  6 сынып оқушылары тақтаға кезекпен  шығып, латын әліпбиін тереңірек тану үшін диктант жазды.

Шара соңында «Латын әліпбиі – заман талабы» атты кітап көрмесімен танысты.

023  024

025  026

 3 сәуір күні  №8 кітапхана филиалы №13 ЖББОМ-тің кітапхана қабырғасында 5 сынып оқушыларымен Бүкіләлемдік денсаулық күніне арналған «Денсаулық – ел байлығы» атты  қызықты хабарлар сағаты өтті.    

 Қысқаша мазмұны: Шара барысында оқушыларға салауатты өмір салты, жеке бас гигиенасын сақтау, қоршаған ортаның тазалығы туралы және зиянды дағдыларға әуестенбеу жайында ақпарат берілді.  Оқушылар күнделікті күн тәртіптерімен бөлісіп, денсаулық туралы мақал-мәтелдер айтты. Кітапханашы «Денсаулық - зор байлық»  атты слайдтың таныстырылымымен оқушыларды таныстырды. Осындай іс-шаралар жасөспірімдерді салауатты өмір салтын сақтауға септігін тигізеді деген сенімдеміз.  Шара соңында «Бақытым да, байлығым да – денсаулық» атты кітап көрмесімен танысты. Кітап көрмесінен 15 құжат қаралып, 3 құжат үйге берілді.

027  028

029  030

 28 тамыз күні №8 кітапхана-филиалында әншісі Жүсіпбек Елебековтың 115 жылдығына арналған  «Ғасырдың ғажап адамы» атты  портреттік кеш өтті.

 Әншінің өмірі мен шығармашылық жолына қысқаша тоқталып, қазақ мәдениетіне сіңірген еңбегі жайлы оқырмандарға ақпарат берілді. Экраннан Е.Төлеутайдың Ж.Елебеков жайында жазылған кітабы жайында дерек сөз көрсетілді. Ж.Елебековтың қасында жүрген, кітапханамыздың тұрақты оқырманы С.Мұқышев әнші туралы өз естеліктерімен бөлісті. «Әншілік пен адамгершіліктің академигі – Жүсіпбек Елебеков» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.

031  032

033  034

 1 қазан күні №8 кітапхана-филиалында қарттар күніне арналған «Құрмет пен сыйластық қарияларға» атты кездесу кеші өтті. Жүргізушілер қонақтарды мерекелеріменмен құттықтап, осы жарқын мерекенің пайда болуы туралы қысқаша ақпарат берді. Іс-шара барысында қонақтар көңіл-күйді көтеретін әзіл-қалжыңы араласқан бейне-құттықтауды тамашалады. Мерекеге №74 орта мектептің 4 сынып оқушылары тақпақтарын жатқа айтып, 10 сынып оқушысы терме шырқап, «Адай» күйін тартты. Бағдарлама аясында қонақтар белсенді қатысты: жастық шақтарын еске алып, ән айтып, би биледі. Қонақтар жақсы көңіл-күймен қайтты.

035  036

037  038

039

 7 қараша күні кітапханада С.Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай «Дәуір шежіресі» атты әдеби сағат өтті.

 Шараға №74 орта мектептің 9 сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы  оқушыларға ақынның өмірбаяны мен еңбектері жайлы баяндап берді. Шара барысында оқушылар назарына ақынның өмірінен сыр шертер бейнефильм көрсетілді. Оқушылар жазушының «Аққу құс» күйін, « Аққудың айырылуы» «Көкшетау», «Туған жер», «Лашын әңгімесі» және тағы басқада өлеңдері мен поэмаларынан үзінділер оқып, талқылады. Оқушыларға «Дәуір шежіресі» атты кітап көрмесі ұсынылды. Кітап көрмесінде С.Сейфуллинның кітаптарымен оқушылар шара соңында жақынырақ танысты.

040  041

042  043

044

 19 қыркүйек күні  Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастырумен  Абай Құнанбаев ескерткішінің алдында  «Ақын болып туды да, Хәкім болған Абайым!» атты  қарағанды жастарының арасындағы облыстық ХІІІ Абай оқулары өтті.  Абай оқуларына  №8 кітапхана филиалының оқырмандары Батталова Ақерке мен Голуб Владислава қатысты. Голуб Владислава Абай Құанбаевтың «Көзімнің қарасы» атты өлеңін оқып, грамотамен марапатталды.

045  046  

047

 25 ақпан күні №8 кітапхана-филиалында Қазақстан халқының 25 жылдық Ассамблеясына арналған  «Қазақстан бірлігі бекем, тағдыры ортақ –Мәңгілік ел»  талқылау өтті.   Шараға №74 орта мектептің 8 сынып оқушылары қатысты.  Талдау барысында кітапханашы қатысушыларға Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттері туралы айтып берді. Қазақстанда тұратын халықтардың тарихын, салт-дәстүрлерін, мәдениеті мен өнері бойынша кітаптар таныстырылды. 

 Шара соңында балалар Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі туралы өз пікірлерін білдіріп, қоғамдық ұйым біздің еліміз үшін маңызды деген қорытындыға келді, өйткені халықтар достығы мен ұлтаралық келісімді нығайтуға және сақтауға ықпал етеді.

 Іс-шараның мақсаты: оқырмандарға  Қазақстан Ассамблеясы туралы түсінік беру. Халықтар достығы туралы білімдерін дамыту. Оқушыларды бірлікке , татулыққа, толеранттылыққа шақыру. Елін, жерін, тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

001  002

003  004

005  006

 17 қаңтар күні №8 кітапхана филиалы №74 ЖББОМ-тің акт залында 9 сынып оқушыларына Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына арналған «Ердің даңқы мәңгі өшпейді» атты ақпараттық сағат өтті.

 Шара барысында кітапханашы қатысушыларға Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халқымыздың ерлігі, Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған қазақстандық батырлар туралы әңгімеледі. Балалар біздің жерлесіміз даңқты жауынгер, халық батыры, көрнекті қазақ жазушысы Бауыржан Момышұлы, панфиловшы Мәлік Ғабдуллин, ержүрек автоматшы Төлеген Тоқтаров, Аңыз адам Талғат Бегелдинов және тағы басқа батырлардың ерліктері туралы әңгімелерді  оқушылар үлкен ықыласпен тыңдады. Оқушылар назарына "Біз есте сақтаймыз және мақтан тұтамыз!» атты слайд таныстырылымы және  Ұлы Отан соғысы туралы деректі және көркем әдебиеттерден ұйымдастырылған «Естен шығаруға болмайтын естелік» атты кітап көрмесі ұсынылды.  Шара соңында қатысушылар соғыста қаза болған батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды. Оқушылар Ұлы Отан соғысының батырлары туралы әңгімеге үлкен қызығушылық танытты.

 Мақсаты: оқушылардың бойына патриоттықты, азаматтықты қалыптастыру; Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткен біздің халқымыз бен еліміз үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

007  008

009

 Интернационалист-жауынгерлерді еске алу күні қарсаңында кітапхана индустриалды-технологиялық колледж студенттері мен № 74 ОМ 8 сынып оқушылары үшін еске алу кешін өткізді. Іс-шараға Ауған соғысының ардагерлері шақырылды.  Ешкім және ешкімге жарияланбаған соғыс. біздің жерлестеріміз - жас балалардың ерліктері туралы. санасына. өз әскери борышын орындай отырып. Соғыстан оралмаған туралы еске алу. қатысушылар бір минут үнсіздікпен еске алды.

 Ауған соғысы туралы қысқаша әңгімеден кейін кітапханашы келген қонақтарды сол сұрапыл жауынгерлік әрекеттерге қатысқандармен таныстырды. Кешке шақырылған ауған ардагерлері оқушыларға өздері туралы шер тарқатты.Сол соғыста бастарынан өткен қатал оқиғаларды естеріне түсірді.Отан алдындағы әскери антқа берік болуды, елінің алдында боршын өтеу туралы сөз қозғады.Айтылған оқиғалар оқушыларды қатты әсерге бөледі. Сұхбат кезінде ардагерлерге көптеген сұрақтар қойылды.Оның ішінде: сол кездегі соғысқа, әскери әрекеттерге қатынастары туралы, жауынгерлердің сондағы сезімдері жайлы, " 9 рота"," Ауғанстан синдромы  "," Кандагар" фильмдеріне келтірілген оқиғалар жайында сұрақтар қойылды. Осы сұрақтар бойынша оқушылардың ауған соғысына деген қатты қызығушылық танытқандарын байқауға болады. Оқушылармен қадірлі қонақтардың арасында өткен белсенді диалогтан кейін, кітапханашы " Ауғанстан соғысы мәңгілік есімізде!" деген кітап көрмесімен таныстарды. Сол көрмеде ауған соғысында қаза тапқан Қарағандылықтар туралы, олардың басынан өткен оқиғалар жайында құжаттар, фото мағлұматтар және биографиялық мәліметтер көрсетілді.Өткізілген іс-шарада: " Память.Афганский излом" атты кішігірім видео, оқушылардың орындауында ауған туралы өлеңдер мен тақпақтар айтылды.Кітапханашы іс-шара аяқталғаннан кейін ауған ардагерлеріне  қайтпас ерліктері, Отан алдындағы атқарылған борыштары үшін алғыс білдірді.Келген қатысушылардың жүздерінен қатты толқыныс сезімді байқалды.Жерлес ардагерлердің басынан өткен оқиға, жағдайлары жүректерінен орын алған сияқты.

010  011

012  013

014  015

016

 7.02.2020 күні   №8 кітапхана филиалы   №74 ОМ-тің қабырғасында қала күніне арналған «Қарағанды-кеншілер қаласы» атты өлкетану сабағы өтті. Шараға №74 орта мектептің 8 сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы Тукенова Ш.Т. оқушыларға қала тарихы туралы, қар алтын жайында және ірі өнеркәсіптерге тоқталып кетті. Шара соңында оқушылардың назарына «Өлкелі Қарағандының – ғарыштық қадамдары»  атты кітап көрмесімен таныстырылды.   

 Іс-шараның  мақсаты: Қала ескерткіштері, тарих және мәдениет оның дамуына белсенді қатысқысы келетіндер. Өз Отанына, жеріне, еліне деген патриоттық сезімін ояту.

017  018

019  020

 

Яндекс.Метрика