2024 жылдың 10 қаңтар күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада «Қазақ әдебиеті» газетіне 90 жыл толуы аясында журналист, өлке тарихын зерттеуші, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері, Қарағанды облысының Құрметті азаматы Төрехан Майбаспен «Маған ұнайтын басылым» атты кездесу кеші өткізілді. Кеш қонақтары: Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Ақылжанова Ляззат Төкенқызы; Қарағаныд қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Ілияш Нұржан Ағыбайұлы; «Қарағанды қ. мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ басшысы Нұртаева Баян Сейітбекқызы; жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. ҚР Ақпарат саласының үздігі, Ғ.Мүсірепов атындағы сыйлықтың иегері, «Қазақ әдебиеті» газетінің жауапты хатшысы Дархан Бейсенбек; тележурналист, Қазақстанның Мәдениет қайраткері, ақпарат саласының үздігі, "Алтын Сұңқар" сыйлығының иегері Әли Тойжігіт; өлкетанушы, қуғын-сүргін құрбандарын есте қалдыру мақсатында құрылған "Тағзым" тобының мүшесі, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, бірнеше кітаптардың авторы Смағұлов Аңғар Марғозыұлы, еріктілер ұйымының мүшелері, мектеп оқушылары және ұстаздар, кітапхана оқырмандары, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы.

Maibas   Maibas1   Maibas2

 

Яндекс.Метрика