№14 кітапхана-филиалында жазғы демалыс күндеріне арналған «Кітап оқитын уақыт жетті» атты әдеби саяхат өткізілді. Мақсаты: оқуға деген қызығушылықтарын ояту, жазғы демалыстар кезінде балаларға ойын-сауық демалысын ұйымдастыру, балаларға арналған басылымдарды насихаттау, жаңа оқырмандарды тарту. Әдеби саяхат барысында жас оқырмандар «Географиялық», «Экономикалық», «Ботаникалық» және т.б. әдеби аялдамаларда өздерінің терең білетіндігін көрсете білді. Шара - шығармашылық тапсырмалар, сұрақтар, қызықты әдеби сайыстармен жалғасты. Эрудит-сайыстарға қатысқан оқушылар, танымал туындылармен таныс екендігін білдіріп, қызықты әңгімелерге белсене араласты. Сондай-ақ, балалар кітап пен кітапхананы дұрыс пайдалану ережелері туралы ақпараттарды тыңдады. Осы шарада «Оқырман болуды үйрен» атты кітап бұрышы жасалды.

 IMG 20180717 175710IMG 20180717 180012IMG 20180717 180250IMG 20180717 181309

Яндекс.Метрика