19 шілде де № 16 кітапхана-филиалында «Шахмат дебюті» атты шахмат турнирі өтті. Іс – шараның мақсаты: кітапхана оқырмандарының есте сақтау, ақыл-ой, шығармашылық қабілеттерін дамытып, шахмат туралы білімдерін кеңейту, жазғы демалыстарда балалардың бос уақыттарын мәдени өткізуді ұйымдастыру. Шара барысында жүргізуші шахматтың бірнеше ғасырлық тарихына тоқталып, шахматтың қызықты әрі тартымды ойын екеніне тоқталып өтті. Әрі қарай «Шахмат туралы аңыз», «Шахмат стратегияның бастапқы курсы»атты бейне роликпен, «Фиксика - шахмат», «Шахмат - Смешарики 2Д» балаларға арналған мультфильмдер көрсетілді. Шара соңында «Шахмат ғажайыптар елінде» атты кітап көрмесі назарға ұсынылып, оқырмандар И.Веселдің «Шахмат сөздігі», Ю.Авербахтың «Шахмат патшалығына саяхат», Александр Кобленттің «Сиқырлы әлемі» және т.б. кітаптарымен танысты. 44 басылым ұсынылып, 11 басылым қолға берілді.

Обучающее видео игре в шахматывыставка В стране шахматных чудестурнир по шахматамшахматный турнир

Яндекс.Метрика