20 шілде де №12 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалында «Кітаптар сәбилер алақанында» атты мектепке дейінгі балаларға арналған шара өтті. Мақсаты: кішкентай балалардың кітапқа деген қызығушылығын оятып, жаңа әдебиеттермен таныстыру, кітапхана мен кітапты насихаттап, кітапхана имиджін нығайту. Кітапхана қонағы болып «Армашка» балабақшасының екі жоғарғы топ балалары болды. Олар үшін: «Кітап патшалығы-мемлекет даналығы» атты кітапхана ішінде экскурсия ұйымдастырылды. Соның ішінде кітапхана кітаптарының қол жетімді пішінімен, кітапхана ережелерімен, кітапқа дұрыс қарау мақсатында «Ойыншық кітап-менің құрбым» атты сөре, «Ертегі-қолын алады» атты ойын-викторинасы өтті. Сонымен қатар кітапхана ауласында екі сағат бойы «Ашық аспан астындағы оқу залы» жұмыс істеді. Балалардың алғаш кітапханаға келіп, кітаппен қауышқан күндері балаларға жақсы әсер қалдыру үшін, кітапханашы барын салды.

12д12д 2

Яндекс.Метрика