Қарағанды қаласының Орталық мәдениет пен демалыс саябағында Елордамыз Астана қаласының 20-жылдық мерейтойына арналған № 27 кітапхана-филиалының қызметкерлері «Қазақстан жүрегі - Астана» тақырыпты промонауқан ұйымдастырды. Мақсаты: Отанына деген патриотизм, сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу, Елордамыз – Астана қаласына арналған кітаптарды насихаттау. Промонауқан өткізген кезде саябақ қонақтары біздің Елордамыздың дамуы мен өсуі жайлы, назар аударар ғимараттар мен үйлер көрсетілген басылымдармен танысты. Мереке бойы келген қауымға басылымдарды насихаттайтын буклеттер таратылды және біздің кітапханалық жүйесінің оқырманы болуға шақырылды. Салтанатты шараға 11 басылым ұсынылды.

1231234 DSC0572

Яндекс.Метрика