6 шілде күні «Қарағанды қ. Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Астана қаласының 20-жылдығына арналған қалалық мерекелік шара аясында «Астанам – елордам менің» атты кеңкөлемді кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрмесі Қарағанды қаласының демалыс саяжайы аумағында безендірілді. Көрменің мазмұны саяси-танымдық жанрдағы, көркем және балалар әдебиеттерінен құрылды. Іс-шараның мақсаты: халыққа еліміздің астанасы – Астана қаласының даму тарихы мен жетістіктерін таныстыру; халық пен жас ұрпақтың бойында адамгершілікті, азаматтық пен қазақстандық патриоттықты қалыптастыру, өз елімізге құрметпен қарауға тәрбиелеу. Шара барысында М.Ауезов атындағы Орталық қалалық кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен жас Астананың тарихы мен жетістіктерін сипаттайтын кітаптарға, Елбасы Н.Ә.Назарбаев туралы және оның еліміздің тәуелсіздігіне, Қазақстан мен жаңа астананың дамып, өркендеуіне қосқан үлесі туралы басылымдарға шолу жасалды. №27 балаларға арналған кітапхана-филиалы Астана жайлы және танымдық кітаптармен таныстыру мақсатында «Астана – ел жүрегі» атты промоакция шарасын өткізді. Балалар әдебиетін насихаттауға балалар кітапханасының оқырмандары белсене қатысты. «Астана – Ұлы дала елордасы» атты көркем әдебиеттер мен танымдық кітаптар көрмесінің мақсаты халықты М.Ауезов атындағы Орталық қалалық кітапханасының жаңа кітаптарымен таныстыру және кітап оқуға тарту болды. Халықтың назарына ұсынылған әдеби көрменің құжаттары Қазақстанның мәдени-ғылыми орталығы болып табылатын Астана қаласының негізін қалау тарихы мен бүгінгі заманауи қала өмірі туралы көптеген қызықты ақпараттармен танысуға мүмкіндік берді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде», «Тәуелсіздік дәуірі» кітаптары, «Астана», «Мәңгілік ел» және т.б. кітап-альбомдар көрмеге көңіл бөлген қала тұрғындарының назарын аударды. Шара кезінде мерекеге келушілергеарнап кітаптарға шолу жасалды. Астана күніне арналған «Достық аймағы», «Вектор Инфорум» журналдары, М.Ауезов атындағы Орталық қалалық кітапхананың кепілхаттары таратылды.

DSC 0696 DSC0464 DSC0467 DSC0469 DSC0518 DSC0536 DSC0572 DSC0573

Яндекс.Метрика