10 шілде күні № 1 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалында «Өлкең жайлы оқы мына кітаптан» атты коллаж-көрме өткізілді. Бұл көрменің басты мақсаты өлкеміздің тарихымен, әлеуметтік – экономикалық ахуалымен, мәдени өсуі жайлы, әдебиеті мен өнері, Сарыарқаның кең даласымен таныстыру болып табылады. Шара барысында, кішкентай оқырмандар өлкеміздің өздері барған әдемі жерлері туралы ойларымен бөлісті. Мерекеге 13 адам қатысты.