5 шілде күні М.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында әнші Ж.Елебеков атындағы І-ші Республикалық дәстүрлі әндерді орындаушылар конкурсының құрылғанына 20 жыл толуына орай «Үнің кетпес құлақтан» атты ретро-ән шолуы болып өтті. Іс-шараның мақсаты: оқырмандарды музыкаға, әнге деген ықыласын дамытып, композиторлардың музыкалық шығармалары, әндері арқылы халықтың салт-дәстүрін, тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу. Кешке журналист Р.Шөкей, № 34 ЖББОМ мектебінің кітапханашысы Г.Жолдыбекова және оқушы оқырмандар қатысты. Шара барысында 20 ғасырдағы Қазақстан композиторларының шығармашылығын насихаттап халыққа танытқан жерлес әнші Жүсіпбек Елебековтің шығармашылығы туралы мағлұмат берілді. Әйгілі әншінің атындағы конкурстың мақсатымен таныстырылды, бұл – жас ұрпаққа Ж.Елебековтің әншілік мұрасын насихаттау, жас өнерпаздарды халық шығармашылығы рухында тәрбиелеу, орындаушылық өнерді жетілдіруді көздейтін сайыс. Ж.Елебековтың ұлттық өнер мен қазақ музыкасын дамытуға қосқан зор үлесі жайлы бейнеролик көрсетілді. «Үнің кетпес құлақтан» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

DSC 0462111

Яндекс.Метрика