26 маусым күні №15 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалының оқу залында Халықаралық нашақорлықпен күрес күніне арналып, №86 ЖББОМ  жанындағы жазғы лагерь балаларымен «Нашақорлық - қауіпті әуес» атты жедел талқылау өткізілді. Мақсаты: балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттап,  есірткі заттардың жағымсыз екенін,  нашақорлықтың алдын алу керек екенін жете ұғындырып, тәрбиелеу. Талқылау  кітап көрмесіне шолу жасаудан басталды. Балаларға «Нашақорлық-әлеуметтік дерт» атты бейнеролик көрсетілді. Көрсетілімнен кейінгі  талқылау барысында, балалар егер нашақорлық-осындай кері қайтпайтын зардапқа әкелетін болса, оны ешқашан дәмін татып көрмеу керек-деп қорытындылады.

IMG 20180626 123354IMG 20180626 123427IMG 20180626 123509IMG 20180626 120151

Яндекс.Метрика