№ 22 кітапхана-филиалында 26 маусымында ақын Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Алаштың ақ жүректі ақыны» тақырыбында поэтикалық этюд өткізілді. Мақсаты: Оқырман бойында үлкенді сыйлау қабілетін қалыптастыру, ақын Мағжан Жұмабаевтың  өлеңдерімен таныстыру негізінде  Отанына сүйіспеншілік, өнегелілік, рухани тәрбие беру. Жүргізушісі  қатысушыларды ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстырды.  Мағжан–халқының болашағына сенген, келешегінен зор үміт күткен. Кейінгі ұрпағы шуақты күн шапағатына бөленетініне сенім білдірген. Мағжан – ұлтжанды ақын. Іс-шара өткізу барысында қатысушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында документальді кино-журнал көрсетілді. Сонымен бірге, ақынның шығармашылығына арналған «Алаштың ақ жүректі ақыны» кітап көрмесіне шолу жасалды.

IMG 20180626 WA0029IMG 20180626 WA0030

 

Яндекс.Метрика