15 маусым №12 кітапхана филиалының оқу залында №73 мектептің жазғы демалыс лагерінің демалушыларымен «Балалар планетасындағы оқу аралы» мерекелік іс-шара өткізілді. Мақсаты: кітапхананы насихаттау, кітап оқуға тарту, жаңа келіп түскен кітаптармен таныстыру. Кітапханашы балаларды жалпы кітапхна тарихымен жіне оның адам өмірінде қпндай роль атқаратындығын, маңыздылығын түсіндіріп өтті. Одан әрі шара ойын түрінде жалғасты.Түрлі сайыстар, викториналар, эстафеталар ойналды. Балалар өздерінің қаншалықты білімдар екендіктерін көрсетті. Шара соңында «Жаңа кітаптар» көрмесіне шолу жасалды.

SAM 9020SAM 9017SAM 9016SAM 9006SAM 9004SAM 9002

Яндекс.Метрика