15 маусым күні №6 кітапхана филиалында ақын М.Жұмабаевтың туғанына 125-жылдығына орай «Мағжан жұлдызы» атты ақындық көңіл-күй кеші өтті. Іс-шара студент, зейнеткерлер мен оқырмандарға өткізілді. Мақсаты: оқушыларды ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, жасы келген адамдарға құрметпен қарауды қалыптастыру, өлеңмен өрілген өнегелі өміріне терең бойлау арқылы жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеу, поэзияны қастерлеуге, сүйіп оқуға бейімдеу, ақын өмірінен үлгі алуға тәрбиелеу, М.Жұмабаевтың шығармашылығы арқылы жастарға патриоттық сезім, Отан сүйгіштікке, құндылықпен пен рухани байлыққа тәрбиелеу. Кітапханашылар қатысушыларды ақынның өмірі мен шығармашылығымен, «Алаш» қозғалысының қатысушы ретінде слайд, бейнебаян арқылы таныстырды. Содан соң жүргізуші М.Жұмабаевтың шығармашылығына блиц-сауалнама жүргізді. Шара аясында қойылған сұрақтар арқылы ақынның шығармашылығымен толықтай таныстырылды. Содан кейін қатысушылар ақынның «Көкшетау», «Жазғы жол», «Сені жақсы көремін», «Көктемде» т.б. өлеңдерінен үзінді оқылды. Кеш соңында кітапханашылар «Мағжан жұлдызы» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Ақын өз өлеңдерінде табиғат бейнесін, бостандықпен, Отанға деген сүйіспеншілікті жырлайды.

SAM 1331SAM 1340

Яндекс.Метрика