11 маусымда №1 балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Құлыншақ» балалар үйінде «Астана мерейтойына арналған 20 ізгі істер» атты қайырымдылық акциясы өтті. Шараның басты мақсаты балалар үйінің кітап қорын әдеби, танымдық әдебиеттермен толықтыру, кітапқа ұқыпты қарау және кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру болды. Себебі кітап өсіп келе жатқан ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар мен тәлім-тәрбие берудегі маңызды құрал болып табылады. Іс-шарада «Астана – Қазақстанның астанасы» атты алғашқы таныстыру және «Астана – еліміздің жүрегі және Тәуелсіздік тірегі» атты кітап көрмесі өтті.

 IMG 6268IMG 6270IMG 6289IMG 6311IMG 6324IMG 6326

Яндекс.Метрика