№ 8 кітапхана-филиалдың жұмыскерлері «Арман» аулалық-балалар клубында Ұлы Жеңіс күніне арналған «Желбіре, жеңіс жалауы» атты әдеби-музыкалық кеш өткізді. Іс-шараның мақсаты: жастарды халқымыздың ерлігі мен қаһармандығы жайында көркем әдебиеттер арқылы таныстыру, ұрпақтар санасына сіңіру, майдангер ата-апаларымыздың есімдерін мәңгі есте сақтау, оларға құрмет көрсету, өскелең ұрпаққа оларды үлгі ете отырып, отансүйгіштікке, татулыққа тәрбиелеу. Кеш модераторы «Арман» БЖ клубының меңгерушісі Аманжолова А.С. оқушыларды Ұлы Отан соғысының тарихымен, Қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып өтті. Шара барысында кітапханашы кітап көрмесіне шолу жасап, Ұлы Отан соғысы жылдары Жеңіс үшін айқасқан батырларымыздың жанқиярлық ерлігі жайлы жазылған Бауыржан Момышұлының шығармаларын, Қасым Қайсеновтің «Жау тылында», Бисен Жұмағалиевтің «Қазақтар Ленинград майданында», «Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев» атты әдебиеттермен таныстырып өтті. Мектеп оқушылары мерекеге арналған өлеңдерін оқып, әскери патриоттық әндерді шырқады. Көрнекілігі: «Ғасырлар бойы өшпейтін ерлік» атты тақырыптық сөре.

 

IMG 20180426 WA0057 minIMG 20180426 WA0050 min20180426 123839 min

Яндекс.Метрика