15 мамыр күні №31 кітапхана-филиалында №95 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушыларына арнап жазушы, ақын, аудармашы Іслам Жарылғаповтың 100 жылдығына арналған «Сарыарқа жазушысы Іслам Жарылғапов» атты әдеби портреті өткізілді. Шараның мақсаты: оқушылардың өлкетану бойынша білімдерін кеңейту, отаншылдық, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру, туған өлкенің тарихы мен әдебиетіне деген қызығушылығын дамыту, кітап оқуға тарту. Кітапхана меңгерушісі Т.В.Алексеева қайраткердің өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстырып, қазақ тілінің көптеген терминдермен, синонимдермен, жаңа сөздермен толықтырылуына мол үлес қосқандығын атап өтті. Шара өлкеміздің танымал тұлғасына деген жастардың қызығушылығын арттырды.

 

4 min3 min2 min1 min

Яндекс.Метрика