Жеңіс күніне орай № 31 кітапхана-филиалында «Сол ұлы жылдарға тағзым» естелік-көрмесі ұйымдастырылды. Ондағы құжаттар соғыс тарихын, оның мағынасы мен зардабын терең түсінуге мүмкіндік береді. Көрменің мақсаты Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халқымыздың ерлігі мен батылдығын мәңгі есте қалдырып, жадымызда сақтау, азаматтық отаншылдықты тәрбиелеу, фашиспен күрес жолындағы соғыс ардагерлерінің ерлігін құрметтеуге шақыру. Көрме бірнеше бөлімдерден құралған. «Ұлы сынақ жылдары» бөлімінде Ұлы Отан соғысының көріністері, екінші дүниежүзілік соғыстың басталу тарихы мазмұндалған. «Аңызға айналған жерлестер» бөлімінде майдандағы және тылдағы жауынгер-қазақстандықтардың ерлігі мен батылдығы көрініс тапқан құжаттар көрсетілген. Үшінші бөлім жеңіске және екінші дүниежүзілік соғыстың адамзатқа әсері жайындағы очерктер, тарихи мемуарлар, көркем әдебиеттер, цитаталар, фотосуреттерге арналды. Қатысушылар көрмемен танысып, соғыс жылдарына енгендей әсер алды.

 

 

1 min5 min3 min

Яндекс.Метрика