2019 жылдың 10 қаңтар күні М.Әуезов атындағы орталық қалалық  кітапханасы мен, А.Байтұрсынов атындағы №41мектеп гимназиясы арасында  2-сынып оқушыларымен «Бұл ертегілер әлемі» атты дауыстап оқу өтті.

Мақсаты:Оқушыларды халық ауыз әдебиетіндегі ертегілерді әдеби шығармаларды тыңдатуға, оны айта білуге дағдыландыру, ертегі кейіпкерлерімен таныстыру, ұлттық рухани білімдерін жетілдіру.

Шара барысында оқушыларға кітапхана қызметкері Г.Б.Қосжан «Айлакер түлкі»  және «Ең қымбаттым өз мекенім» атты ертегілерін дауыстап оқып берді. Оқушылар Құдайберген Жігер, Өміртай Аружан, Махмұт Нұржігіт, белсене қатысып, өз ойларымен бөлісіп, жақсы әсер алды.

IMG 20190111 WA0002

IMG 20190111 WA0003

IMG 20190111 WA0004

Яндекс.Метрика