2018 жылдың 12-желтоқсаны күні «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі » КММ № 22 кітапхана филиалында «DAMÝ KEŃISTIGI» орталығының ашылуы өткізілді

 

Мақсаты:  Кітапхана пайдаланушыларының шығармашылық дамуы үшін көпфункционалды демалыс, спортпен шұғылдану, музыка тыңдау, күту, кездесу және ақпарат алу үшін  кеңістік құру. Жастардың интеллектуалды бос уақытын ұйымдастыруға, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге, кітап қазынасынан білімдерін пайдалана отырып, өзін-өзі дамытуға арналған кітапхана қызметтерінің жаңа форматтарын қолдану.Қысқаша мазмұны: Бүгін «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»  КММ №22 кітапхана филиалында, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Елбасымыздың бес әлеуметтік бастамасы » аясында Қарағанды қаласының әкімдігінің қолдауымен  «DAMÝ KEŃISTIGI» коворкинг орталығы ашылды.Қарағанды қаласының әкімінің орынбасары И.Ю Любарская  өз сөзінде DAMÝ KEŃISTIGI орталығының ашылуы Майқұдық тұрғындары үшін маңыздылығын және оның ішінде жастарға шығармашылық шабыт пен өзін-өзін  ұтымды дамытуға мол мүмкіндіктер қарастырылғанын баса айтты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев атап айтқандай «Мемлекеттік саясаттың бір басымдығы  жастарды қолддау».Орталықтың ашылу салтанатына қатысқан Қарағанды қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалының төрағасының орныбасары Ю.Бадина  Елбасы «Нұр Отан» паритиясының көшбасшысы Н.Назарбаев жастардың жан – жақты дамуына барлық жағдай жасап отырғанын және  ашылған орталық жастардың өз білімдерін жетілдіруге , кәсіби біліктіліктерін арттыруға , қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуына себепкер болады деген сенімділік білдірді. DAMÝ KEŃISTIGI – бос кеңістік, барлық келушілер үшін ашық, жұмыс істеуге және интелектуалды демалысқа қажетті барлық жағдайлар жасалған: ыңғайлы креслолар, үстелдер, ноутбуктер, принтер, сканер, бірлескен және жеке жұмыстар үшін орындар, тегін Wi-Fi. Демалыс аймағында: мольберт, 3D көзілдірік, синтезатор, тоғызқұмалақ, шахмат  және робототехника, тыныш әуенмен чиллаут-аймағы. Барлық жағдайда №22 кітапхана филиалының қызметкерлері ақпараттық қолдау көрсетеді, бейресми байланыс жасауға әрекет етеді, жеке тұлғаның демалуына жағдай жасайды. Кітапханадағы барлық қызметтер тегін қарастырылған.Құрметті қала тұрғындары сіздерді DAMÝ KEŃISTIGI коворкинг орталығы сіздерді күтеді.Мекен жайымыз Восток 3, 14 үй, 30 пәтер. 

Директордың м.а                                     Г.К.Ахметкаримова 

Орындаушы: Т.Ғ.ҒабдоллаТел: 42-12-26

WhatsApp Image 2018 12 12 at 11.28.45

WhatsApp Image 2018 12 12 at 11.28.44

WhatsApp Image 2018 12 12 at 11.28.45

WhatsApp Image 2018 12 12 at 11.28.47

WhatsApp Image 2018 12 12 at 11.28.47

WhatsApp Image 2018 12 12 at 11.28.48

WhatsApp Image 2018 12 12 at 11.28.49

WhatsApp Image 2018 12 12 at 11.28.50

IMG 20181212 WA0024

Яндекс.Метрика