11.01.19 күні М.Әуезов атындағы ОҚК-да қазақ суретшісі Ә.Қастеевтың туғанына 115 жыл толуына орай «Ә.Қастеевтың ғажайып суреттері» атты кеш болып өтті.

Мақсаты: Оқушыларды қазақтың саңылақ суретшісі Ә.Қастеев туралы білімдерін толықтырып, Суретшінің қыл қаламынан туған шығармаларын таныстыру. Оқушылардың тілдік, сөздік қорларын молайту, танымдық ойлау қабілеттерін арттыру. Ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік арқылы эстетикалық тәрбие беру.

 Іс-шараға №87 негізгі орта мектептің 8 «Ә» сынып оқушылары мен Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінің ғылыми-әдістеме бөлімі басшысы Елубаева М.А. қатысты. Оқушылар суретші туралы мағлұмат алып, сұрақтар қойылды.

 DSC0685

 DSC0687

Яндекс.Метрика