6 желтоқсан күні № 1 балалар кітапхана-филиалында Бүкіләлемдік ЖҚТБ қарсы күрес күніне орай №16ЖББОМ жоғары сынып оқушылары үшін  «Жастар ЖҚТБ-ға қарсы» атты слайд-дәріс өткізілді. Мақсаты: жастардың санасында ЖҚТБ жөнінде дұрыс түсінік қалыптастыру, адам өміріне қауіптілігін және жеке өмірі үшін өздері жауапты екенін түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау, ЖҚТБ-мен ауыратын адамдарға толеранттылық көрсетуге тәрбиелеу.  Шара барысында Жакупова М.Е. ЖҚТБ даму сатылары, асқыну кезеңі және адамға жұғу жолдары мен оның алдын алу шаралары туралы әңгімеледі. Қатысушыларға «Құтқарылған адам алтынмен тең» атты кітап көрмесімен таныстырылды және «ЖҚТБ туралы» атты тақырыптық слайд көрсетілді.  Шараның қорытындысында оқушыларға «ЖҚТБ тоқтатудың 5 қадамы» атты буклеттер таратылды. Барлығы 25 адам қатысты.

 

6126212

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика