7 маусым күні №12 балаларға қызмет көрсететін кітапхана-филиалының оқу залында №13 мектептің жазғы демалыс лагерінің оқушыларымен «Почта дилижансы: балалар баспасының қызықтары» атты ақпараттық сағаты өткізілді. Мақсаты: балалардың жазғы демалыс уақытын тиімді де қызықты өткізу, баспасөз газет-журналдарымен таныстыру; ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу. Шара барысында кірістірілген кітапханалық сабақ өткізіліп, балаларға мерзімдік басылымдарының мәні мен маңызы жайында балаларға толық ақпарат берілді.  Ақпараттар балалардың жалпы баспа жайында «газет», «журнал», «пресса», «мақала» туралы білімдерін жаңа мәліметтермен толықтыра түсті.  Кеш соңында тақырыптық баспалар жиынтығының көрмесіне шолу жасалды.

12дет12дет2

№5 балаларға қызмет көрсететін кітапхана-филиалының кітапханашылары  №22 мектеп интернатымен бірлесе отырып «Ақ ажалдың құрығында» атты медиа сағатын  өткізіді. Мақсаты: балалардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру, нашақорлықпен күрестің алдын – алуға тәрбиелеу. Балалардың  бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Шараны көркемдік безендіруге  «Өз өмірің өз қолыңда» атты ашық көрмесі ұйымдастырылды.

5детjpg22шк5детjpg22шк2

15 ақпанда №2 жасөспірімдерге  қызмет  көрсететін  кітапхана-филиалында №18 ЖББОМ 8 сынып оқушылары үшін «Жұлдыз» журналына-70 жыл (1928ж); «Абай»журналына -100 жыл (1918ж); «Қазақ»газетіне -105 жыл (1913ж); «Дружные ребята»газетіне-85 жыл (1933ж) толуына орай «Қайнар бұлақ» атты ақпарат сағаты  болып өтті. Шараның мақсаты: оқушыларды бұрынғы және қазіргі кезеңдердегі ересектер мен балаларға арналған газет-журналдар туралы ақпаратпен таныстыру, мерзімдік басылымдарға қызығушылықтарын дамыту, жаңалықтарды оқу қажеттіліктерін орындауға әсер ету.  Балалар аталған газет -  журналдарды өздерінің ата-әжелерінің сүйіп оқығаны жайлы, мектеп жаңалықтарымен, ақын-жазушылардың балаларға арналған өлеңдерімен, әңгімелерімен  осы басылымдар арқылы танысқанын білді. Балалар жас тілшілердің осы газет – журналдарға  жазған мақалаларынан өз замандастарының өмірі туралы көп мәлімет алуға болатынына аса қызығушылық танытты. Шара барысында ұйымдастырылған қызықты сұрақтарға белсенді жауап берді, әртүрлә ребустар мен сөзжұмбақтарды шешті. Барлығы 11 оқырман қатысты

12ю

7 маусым күні №5 балаларға қызмет көрсететін кітапхана-филиалының кітапханашылары №46 ЖББОМ мектебімен бірлесе отырып «Жаз кітаппен бірге тосын сыйға толы» атты әдеби кітаптарға шолу және «Кітап түстес жаз» тақырыбында ойындар өткізді. Мақсаты: оқырмандардың бос уақыттарын ұйымдастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаңа оқырмандар қатарын көбейту. Кіші жастағы оқырмандарға жас ерекшеліктеріне сай , жазда оқитын кітаптар ұсынылды: олар сыныптан тыс оқуға арналған классикалық әдебиеттер, танымдық және т.б. әдебиеттер. Сонымен қатар «Жазғы рифмдер» (берілген сөзді дұрыс аяқтаңыз) «Жаз бізге не сыйлады? (әдеби жұмбақтар), «Жаз – бұл ойын» викторинасы өткізілді.

IMG 20180607 WA0017IMG 20180607 WA00185дет2

7 ақпанда №4 мектеп-интернатының оқушылары үшін №16 филиалдың кітапханасында «Низами құпиялары қазынасы» атты даналық қоймасы іс-шарасы өтті. Шараның мақсаты: іс-шара Қазақстандағы Әзірбайжан жылын өткізу аясында әлем әдебиетінің бір бөлшегі ретінде әзірбайжан әдебиетінің құнды кітаптарына оқырмандар назарын аударту, әртүрлі ұлт өкілдерінің бірлігін нығайту. Шара барысында жүргізуші Әзірбайжанның көрікті жерлеріне виртуалды саяхат жасауды ұсынды. «Әзербайжан туралы қызықты деректер», «Яндарда ғажайып тауы», «Қыз мұнарасы» атты бейне көріністер  өте заманауи ел болып табылатын және сонымен қатар ежелгі рухты сақтайтын Әзірбайжанның мәдениетін көрсетті. Әңгіме  кезінде Әзербайжанда ғана емес, бүкіл әлемде - Низами Гянджевидің танымал және құрметті ақыны туралы айтылды. «Әзірбайжан жазушыларының шығармалары-балаларға», «Поэтикалық альманах - Низамидің өлеңдері» бейне көрінісі мен «Низами Гянджеви» мультимедиялық презентациясы көрсетілді. Оқушылар Низамидің «Жеті әдемілік» поэмасының үзіндісі, сондай-ақ  жеке бөліктерге алдын-ала басылып шыққан жазушының ақыл-ойлары мен шығармалары жазылған «қолжазбаларын» оқыды. Іс-шараның соңында Ұлы ақын туған және өмірінің 63 жылын өткізген ежелгі Гянджа қаласы мен ақынның есімін еске түсіретін Низами Гянджеви кесенесіне виртуалды экскурсия жасалды. Шара Александрия кітапханасының директоры Исмаил Серагелдиннің «Низами Гянджеви Әзірбайжан әдебиетінің дамуында ғана емес, сонымен бірге әлемдік мәдениетте де үлкен рөл атқарды» деген сөздерімен  аяқталды. 

азербайджанский поэт НИЗАМИ minучастники ларца мудрости Сокровищница Низами min

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика