2021 жылы 11 наурыз күні «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана   жүйесі»КММ-де офлайн және ZOOM платформасында Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының директоры, «Қасым» республикалық әдеби-қоғамдық журналының Бас редакторы, ақын, жазушы Серік Сағынтайдың шығармшылығын насихаттауға арналған "Көктемнің мөлдір тамшысы" атты байқауы өтті. Байқаудың демеушісі білім меценаты, «Алтын Жүрек» ұлттық сыйлығының иегері Алтынбеков Бекзат Қомарұлы. Байқауға өтініш білдірген 16 мен 25 жас аралығындағы 30-ға жуық үміткер іріктеліп, үздік деп танылған 11-і ақтық сында бақ сынасты. «Saryarqa aqparat» ЖШС директоры Қамбар Ахмет төрағалық еткен қазылар алқасы құрамында ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Ғазиза Смағұлова, филология ғылымдарының кандидаты Азат Бабашов, А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санаттағы мұғалімі Жаңагүл Түсжанова, кітапхананың әдістеме бөлімінің меңгерушісі Сәуле Кейкина болды. Байқауда қазылар алқасы жазылған эсселердің оқып жеткізу мәнеріне, сахна мәдениетіне баса назар аударып, кемшіліктерін де ескертті. Қатысушылардың барлығына  Алғыс хат пен «Қарағанды» энциклопедиясы кітабы табысталды. III  орынды 35 мың теңге сертификатын А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназияның 11 «А» сынып оқушысы Наурызбай және Аятолла мен №61 орта мектептің 11 «А» сынып оқушысы Әбдісамат Абитаев иеленді, II орынды 60 мың теңге сертификатын Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №1 жасөспірімдерге қызмет көрсету филиалының меңгерушісі Гүлмаржан Қосжан иеленді, I орынды 100 мың теңгелік сертификатты №12 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанкелді Тоқтамұрат жеңіп алды.

001  002  003  004  005  006  007  008  009  010  011

  2021 жылыдың 28 қыркүйек күні «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де офлайн және ZOOM платформасында қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туған күніне орай «Әлем таныған Әуезов» атты ғылыми конференция өтті. Байқаудың демеушісі ҚР Білім меценаты, «Алтын Жүрек» ұлттық сыйлығының және ҚХА «Бірлік» алтын медалінің иегері Алтынбеков Бекзат Қомарұлы. Ең алғашқы құттықтау сөзді "Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі"ММ бөлімінің басшысы Нұртаева Баян Сейтбекқызы ашты. Конференция басында ZOOM платформасында Алматы қаласында қатар өткізілген М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты ұйымдастырған «Әуезов оқулары» атты жас ғалымдардың ХVІІІ ғылыми-тәжірибелік конференциясына қосылып Бекзат Қомарұлы тілек білдірді. Ғылыми конференцияға өтініш білдірген 18 бен 35 жас аралығындағы 20-ға жуық ғылыми жұмыстар қаралып, үздік деп танылған 6 қатысушы іріктеп алынды.  Әділқазылар алқасының мүшелері академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің филология ғылымдарының кандидаты, қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры Толеубаева Камшат Аманбайқызы; «Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы» АҚ Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Смағұлова Ғазиза Ғабдоллақызы; филология ғылымдарының кандидаты, ассистент-профессор  Бабашов Азат Мақсұтбекұлы; филология ғылымдарының кандидаты, профессор, «BoIashaq» академиясы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сембаев Құрманғазы Зәкірұлы; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қарағанды гуманитарлық колледжінің директоры Амиров Есжан Сарманқұлұлы болды. Қатысушылардың барлығына Алғыс хат пен «Арқа батырлары» кітабы табысталды. III орынды 60 мың теңге сертификатын «BoIashaq» Академиясы» 4 курс студенті Төребаева Асыл Оразбекқызы иеленді. II орынды 70 мың теңге сертификатын Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің  II курс магистранты Болкенбаева Айгерим Даулетиаровна иеленді, I орынды Семей қаласынан «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК 4-курс студенті Мавленова Диляра Бекмухамбетовна жеңіп алды.

001  002  003  004  005  006  007  009  010  011

  2021 жылы 8 желтоқсан күні «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана   жүйесі»КММ-де офлайн және ZOOM платформасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен «2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылына» орай  Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелері ақын Асан Мирас Болатұлы мен Байбұланова Жадыра  Төкенқызының шығармашылығына арналған «Егіз лебіз» атты қалалық байқау өтті. Байқаудың демеушісі білім меценаты, «Алтын Жүрек» ұлттық сыйлығының иегері Алтынбеков Бекзат Қомарұлы. Байқауға өтініш білдірген 16 мен 35 жас аралығындағы 25-ке жуық үміткерлерлер бақ сынасты. Филология ғылымдарының кандидаты, ассистент-профессор  Азат Мақсұтбекұлы төрағалық еткен қазылар алқасы құрамында ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Ғазиза Смағұлова, №8 ЖББМ-нің казақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі, 2011 жылы Павлодар қаласында өткен жас қаламгерлердің «Тәуелсіздік тұғыры» атты фестивалінің Есентай атындағы арнайы жүлдесінің лауреаты, «Қасқа құлын» атты кітаптың авторы Иманбеков Қайрат Берікболұлы; Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапхана басшысының орынбасары Қалиева Қалқатай Мағиқызы, Облытық «Қазақ тілі» қоғамының атқарушы директоры Асхат Қажытай. Байқауда қазылар алқасы үмітерлердің жаттаған өлеңдер саны мен сапасы, мәнерлеп оқу шеберлігі, сахна орындаушылық шеберлік деңгейі бойынша бағаланады, сахна мәдениетіне баса назар аударып, кемшіліктерін де ескертті. Қатысушыларға Алғыс хат пен «Арқа батырлары» атты кітабы табысталды. III  орынды 35 мың теңге сертификатын ИП «Ozge Group» қызметкері Қарасаева Бағым Жомартқызы, Сағынтаев Қасиет Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының II курс студенті ие болды, II орынды 60 мың теңге сертификатын Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университетінің студенті  Камиспаев Тилеужан ие болды, I орынды 100 мың теңгелік сертификатты №61 ЖББМ 11 сынып оқушысы Эшкулова Ақшархат жеңіп алды. Сонымен қатар Облытық «Қазақ тілі» қоғамының атқарушы директоры Асхат Қажытайдың қолдауымен 5 үміткерге ай сайын 20 мың теңгеден 5 айға степендия тағайындалды олар: Айтмағанбет Аружан Бектасқызы, Екпинбай Наргиз Нұршатқызы, Әуесбек Айғаным Сүйенішқызы, Адилов Ислам Хабибуллаұлы, Сәлімгерей Қауария Мұратқызы. Келесі байқау «Арқаның ару қыздарының» шығармашылығына арналатындығын Алтынбеков Бегзат Қомарұлы өз сөзінде айтып кетті.

001  002  003  004  005  006

 

  15 маусым М.О.Әуезов атындағы ОҚК-да  даулпаз ақын Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына арналған «Ей тәккәппар дүние! Мағанда бір қарашы» атты байқау өтті. Іс-шара мақсаты Өскелең ұрпақтың ой өрісін кеңейтіп, шығармашылығына шабыт беріп, кітапқа деген қызығушылығын арттыру. 16-25 жас аралығындағы қатысушылар бақ сынады.  Байқау ережесіне сай, келіп түскен 18 қатысушының өлеңдері іріктеліп, 10 жас ақын ақтық сынға өтті.  Мүшәйра офлайн және онлайн форматта өтті. Байқауда қатысушыларға туған өлке,  ақын Қасым Аманжоловқа арналған өлең жолдарын оқып, еркін тақырыпта оқуға ұсынылды. Байқауға қатысушыларды ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Алтынбеков Бекзат Қомарұлы, ақын-жазушы, «Қасым» республикалық әдеби – қоғамдық журналының бас редакторы Серік Сағынтай,  Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы» АҚ Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Смағұлова Ғазиза Ғабдоллақызы, филология ғылымдарының кандидаты, ассистент-профессор  Бабашов Азат Мақсұтбекұлы, «Ж.Бетұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы»КММ қызмет көрсету бөлімінің басшысы Мырзатаева Бақыт Қазбекқызы, Халық қаhарманы Жұман Тәшенов атындағы сыйлықтың лауреаты, «OrtaIyq Qazaqstan» газетінің журналисі Шалқар Жәлел Қуандықұлы. Ынталандыру сыйлығы бойынша 5 қатысушыға тапсырылды. Оларға алғыс хат пен «Арқа батырлары» кітабы сыйға таратылды.  III орынды 35 мың теңгелік сертификатын №2 білім-инновация лицейінің оқушысы Жырғау Алдаберген мен ҚарУ-дың студенті Жұман Бектас иеленді. II орын 40 мың теңге сертификатын Қарағанды университетінің 1 курс студенті Айғаным Әуесбек иеленді. I орын 60 мың теңге сертификаттарын Орталық Қазақстан академиясының 3 курс студенті  Әсемгүл Серікбол мен Жезқазған қалалық Жер қатынастары бөлімінің маманы Думан Сайдалин иеленді.

001  002  003  004  005

  Бүгін 22 маусым М.Әуезов атындағы қалалық кітапханада "Тарих және уақыт" жобасы аясында Алаш қозғалысының қайраткері, ғалым, қоғам қайраткері Жақып Ақбаевтың 145 жылдығына арналған "Тарихы ұмытылмас қасиет" атты онлайн-кездесу өтті. Кеш қонақтары - Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейінің экскурсия жетекшісі Сағат Ерғалиұлы Қалияскаров, Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейінің ғылыми қызметкері Индира Игенбек, Қарағанды облыстық ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Темірғали Тілеубекұлы Аршабеков. Кездесудің модераторы М. Әуезов атындағы ОҚК өлкетану бөлімінің меңгерушісі А. Толеуханова болды. Кездесу барысында музей қызметкерлері кездесуге қатысушыларды өздерінің экспонаттарымен таныстырып, Жақып Ақбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы айтып берді. Қатысушыларға Жақып Ақбаевтың өмірмен және тың деректерімен таныстырды.

001  002  003 

Яндекс.Метрика