15 маусым М.О.Әуезов атындағы ОҚК-да  даулпаз ақын Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына арналған «Ей тәккәппар дүние! Мағанда бір қарашы» атты байқау өтті. Іс-шара мақсаты Өскелең ұрпақтың ой өрісін кеңейтіп, шығармашылығына шабыт беріп, кітапқа деген қызығушылығын арттыру. 16-25 жас аралығындағы қатысушылар бақ сынады.  Байқау ережесіне сай, келіп түскен 18 қатысушының өлеңдері іріктеліп, 10 жас ақын ақтық сынға өтті.  Мүшәйра офлайн және онлайн форматта өтті. Байқауда қатысушыларға туған өлке,  ақын Қасым Аманжоловқа арналған өлең жолдарын оқып, еркін тақырыпта оқуға ұсынылды. Байқауға қатысушыларды ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Алтынбеков Бекзат Қомарұлы, ақын-жазушы, «Қасым» республикалық әдеби – қоғамдық журналының бас редакторы Серік Сағынтай,  Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы» АҚ Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Смағұлова Ғазиза Ғабдоллақызы, филология ғылымдарының кандидаты, ассистент-профессор  Бабашов Азат Мақсұтбекұлы, «Ж.Бетұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы»КММ қызмет көрсету бөлімінің басшысы Мырзатаева Бақыт Қазбекқызы, Халық қаhарманы Жұман Тәшенов атындағы сыйлықтың лауреаты, «OrtaIyq Qazaqstan» газетінің журналисі Шалқар Жәлел Қуандықұлы. Ынталандыру сыйлығы бойынша 5 қатысушыға тапсырылды. Оларға алғыс хат пен «Арқа батырлары» кітабы сыйға таратылды.  III орынды 35 мың теңгелік сертификатын №2 білім-инновация лицейінің оқушысы Жырғау Алдаберген мен ҚарУ-дың студенті Жұман Бектас иеленді. II орын 40 мың теңге сертификатын Қарағанды университетінің 1 курс студенті Айғаным Әуесбек иеленді. I орын 60 мың теңге сертификаттарын Орталық Қазақстан академиясының 3 курс студенті  Әсемгүл Серікбол мен Жезқазған қалалық Жер қатынастары бөлімінің маманы Думан Сайдалин иеленді.

001  002  003  004  005

Яндекс.Метрика