18 шілде күні №12 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалында Бұқар Жырау Қалқаманұлының туғанына 350 жыл толуына орай «Халық данасы-Бұқар жырау» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: өскелең ұрпаққа адамгершілік және рухани тәрбие беріп, қазақ халқының мәдени мұрасын насихаттап, қазақ халық ақынының шығармашылығымен және өмірімен таныстыру, қазақ әдебиетінен ойып тұрып орын алатын, көрнекті жырау, қоғам қайраткері Бұқар жыраудың жырларын сүйсініп оқуға тарту. Көрмеде Бұқар жыраудың өмірі мен шығармашылығы басылған жинақтар мен басылымдар, соның ішінде «Ақын-жыраулар поэзиясы», «Арқадағы арда жыр», «Бес ғасырдың ақыны» атты құнды мұралары ұсынылды. Кітапхананың барлық қатысушылары керекті деректермен қажетті материалдарды алуға зор мүмкіндік алды.

SAM 9176SAM 9175SAM 9177SAM 9184

Яндекс.Метрика