№12 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалында «Бәрің білуің керексің, отпен ойнауға болмайды» танымдық ойыны өтті. Шараның мақсаты: өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстырып, өз өмірі мен өзгелердің өміріне жауапкершілікпен қарауды, өрт сөндірушінің мамандығын құрметтеу туралы кітаптармен таныстыру. Шара «Өрт – сенің досың, өрт – сенің жауың», «Өрт қауіпсіздік ережелері» атты тақырыптық плакаттарымен безендірілді. Іс-шара адам алғаш отты қалай тұтатқаны және қажетіне қалай жаратқаны туралы қызықты деректермен басталды. Жүргізушілердің сұрақтарына жауап бере отырып балалар өрттің адам өміріндегі рөлінің маңыздылығы туралы, өрттің пайда болу себептері туралы, өрт қауіпсіздігі ережелері, өрт болған жағдайда және өрт сөндірушілердің ауыр және батырлық мамандықтары туралы білді. Қатысушылар «Өрт кезінде мінез-құлық ережелері» атты мультфильм тамашалады. Шара соңында: Т.Кинько «Біздің нөмір 01», Ю.Никитин «Өрт қауіпсіздігі», С.Маршак «Өрт» , «Белгісіз қаһарман туралы әңгіме», Л.Толстой «Құтқарушы иттер» кітаптары қойылған көрмеге шолу жасалды.

SAM 9149SAM 9152SAM 9155SAM 9157

Яндекс.Метрика