13 сәуір күні М.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада «Туған жер» бағдарламасының аясында «Жаныңда жүр жақсы адам....» жерлесіміз физик - математик, профессор, ғалым Темірғали Әбділдаұлы Көкетай 80 жасқа толу мерейтойына арналған «Ғасыр адамы» атты кездесу кеші болып өтті.

Іс-шараның мақсаты: оқырман жастарды жерлес, шет елге танымал ғалым «ХХ сыншы ғасырдың Ғасыр адамының» өмірбаянымен шығармашылық табыстарымен және уақиға деректерімен таныстырып, отан сүйгіштікке баулу. «Болашақ» академиясының қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, профессор Қ.Сембиев, ғалым, жазушы – көсемсөзші, қоғам қайраткері, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі М.Баймұқанов, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әншісі, Республика және халықаралық конкурстың лауреаты Қ. Ыбышев, Республика және халықаралық конкурстың лауреаты Е.Базарбек, 5405 әкери бөлімі тәрбие жөніндегі бөлімнің меңгерушісі Ж. Ибрагимова, кітапханашы А.Баймұханова, №15 ЖББОМ оқушылары мен кітапханашы А.Избасарова, ҚарМТУ аға ұстазы Н.Ошанов және студенттер шақырылды. Шара барысында өлкетану бөлімінің меңгерушісі Г.Р.Жылтыбаева физик – математик, профессор, Азиядағы көрнекті ғалым Темірғали Әбділдаұлы Көкетаевті 80 жасқа толу мерейтойымен құттықтап, қалың оқырмандарға таныстырды. Кітапханашы Т.Ғабдолла ғасыр адамының өмірбаянын слайдқа шолу жасады. Кездесу әңгіме – сұхбаттар қою арқылы кеш қонақтары жастарға тәлім-тәрбие беретін ой-пікірлер айтып, отан сүйгіштікке оқу – білімге шақырды. Кеш соңында қонақтар кітап көрмесімен танысты. Шараға 50 адам қатысты.

DSC 1223 minDSC 1237 minDSC 1246 minDSC 1263 min

Яндекс.Метрика