№12 балаларға қызмет көрсететін кітапхана бөлімшесінде 12 сәуір космонавтар күніне арналған «Ғарышты бағындырған - батырлар» атты танымдылық ойыны өткізілді. Шараға №3 мектеп интернатының 4-7 сынып оқушылары қатысты. /Ерекше топ/

Шараның мақсаты: балаларды космос әлемінің тарихымен, осы салаға өз үлестерін қосқан ерлермен таныстыру; Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көркемдеу: тақырыптық сөре «Ғарышты бағындырған - батырлар», баннер, шарлар.

Шара барысында жүргізушілер Сарычева С. мен Қасымова Л., балаларды космос әлемінің тарихымен, оған өз үлесін қосқан жандармен етене таныстырып өтті. Одан әрі шара әр түрлі ойындар, сұрақ-жауаптар, сайыстарға ұласты («Космостық команда», «Ұшу», «Лунатиктерге сәлем», «Құйрықты комета», «Конструкторы», «Космонавт орындығы» және т.б ) балалар тақпақтар оқыды. Шараға барлық қатысушылар өте белсенді ат салысты, шара өте қызықты өтті. Қатысқандар саны: 84 бала.

космос121космос 12

Яндекс.Метрика