6 сәуір күні М.О.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада Қазақстан  Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші  өнеркәсіптік революция  жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан  халқына Жолдауын  түсіндіру бойынша «Түбегейлі жаңғыру стратегиясы» атты саяси бағдар шарасы өтті. Мақсаты: оқушыларды Қазақстан Республикасының Президентінің 2018 жылғы Жолдауымен  таныстыру, жас ұрпақтың бойында патриоттық пен азаматтық ұстанымды тәрбиелеу. Шара барысында №52 ЖББОМ 10 сынып оқушыларына жаңа әлемдік Төртінші революция жағдайында жетістікпен даму мен жаңа әлемге бейімделудің жолдарын нақтылап берген Қазақстан  Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші  өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың  жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының мазмұны түсіндірілді. Кітапханашы Л.Есенжолова Елбасының биылғы Жолдауының Қазақстанның әлемдегі  ең дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы 10 негізгі міндеті мен қазақстандықтар мүддесіне толық жауап бере алатын факторларды бекітіп берген  стратегиялық құжат екені жайлы әңгімеледі. Өнеркәсіп, аграрлық сала, білім мен денсаулық және мемлекеттік басқаруға жүктелген міндеттердің барлығында цифрландыру бағытын, заманауи технологияларды енгізу анық көрсетілгендігі туралы сұхбат барысында оқушылар бұл Жолдау арқылы Қазақстан халқына  жақсы жағдай жасаудың жолдары көзделгені жөнінде өз ойларын ортаға салды. Шара соңында балалар ҚР Президентінің «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабымен таныстырылды. Оқушыларға «Гүлденген Қазақстан» атты бейнеролик көрсетілді және «Тәуелсіздік. Ұлт көшбасшысы. Қазақстан» атты кітап көрмесі ұсынылды.

456459555

Яндекс.Метрика