Қазіргі уақытта біздің қоғамда аса маңызды да өзекті мәселе қоғамға қауіпті, мемлекет пен демократияның дамуына кедергі келтіретін сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады. Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты жеңу мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып саналады. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы айтқанда қоғам белсенді атсалыспай бұл дертті жеңу мүмкін емес екенін бірнеше мәрте атап өтті. Осыған байланысты пайдаланушылардың назарын сыбайлас жемқорлықпен күреске аудару бағытында 5 сәуір күні №31 кітапхана-филиалында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – уақыт талабы» атты үндеу-көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: «сыбайлас жемқорлық» ұғымының мәнін ашу; қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру; болашақта және қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық зардаптарының пайда болуына қарсы тұру; елімізде болып жатқан жағдайларға ортақ атсалысу сезімін тәрбиелеу. Көрмеде оқырмандар назарына ұсынылған құжаттар елімізде сыбайлас жемқорлықтың өршуіне қарсы жол бермеу мәселелеріне арналған және сыбайлас жемқорлық дегеніміз не, оның себептері қандай, мемлекет пен қоғамға әсері қандай деген сұрақтарға жауап беретін материалдар ұсынылды. Сондай-ақ, оқырмандар сыбайлас жемқорлықпен күрес шаралары мен негізгі іс-қимылдарының қалыптасқан жүйесімен таныстырылды. Үндеу-көрме осы тақырыпқа пайдаланушылардың назарын аударып, қызығушылығын оятты.

 

IMG 3220 minIMG 3224 min 

Яндекс.Метрика