14 ақпан күні  №16 кітапхана-филиалының оқу залында Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне орай № 51 ОМ   9 сынып оқушылары үшін «Ауған – отты жылдар естелігі» атты әскери-патриоттық альманах өтті. Шараның мақсаты: Отан үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу және Ауғанстанда соғысқан жауынгерлердің ерлігі туралы ой-өрістерін кеңейту, жастардың патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Шара барысында оқушыларға Кеңес әскерлерінің Ауғанстанға кіру себептері туралы, соғыс барысы туралы әңгімеленді.  Балаларға «Ауған соғысы», «Ауғанстан біздің жүрегімізде» тақырыптарындағы әскери іс-қимылдардың  бірегей хроникалық түсірілімдері көрсетілді. Ауғанстанда қаза тапқан жауынгерлердің хаттарынан үзінділер оқылды, «Отан күзетінде» атты кітап көрмесінің әдебиеттеріне шолу жасалды. Шараға 25 адам қатысты.

 161162163

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика