10 ақпан күні №4 кітапхана-филиалының кітапханашылары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қарағанды қаласы күніне орай теміржолшылардың мәдениет сарайының қызметкерлерімен және ардагерлер Кеңесімен бірлесе отырып, №22 мектеп-интернат оқушылары, аудан тұрғындары мен  31775 әскери бөлімінің сарбаздары үшін «Бұл қаланы сүйемін мен, ол менің асқақ әнім!» атты тақырыптық кеш өткізді. Шараның мақсаты: туған қаласы туралы өлкетану материалдарын насихаттау, кіші Отанының тарихына деген қызығушылықтары мен Қарағанды-сұрыптау станциясының дамуы үшін көп үлес қосқан құрметті жерлестері үшін мақтаныш сезімін ояту, Кешті жүргізушілер өзінің туған қаласына деген сүйіспеншілігін, қаланың дамуына үлесін қосқан адамдардың ерен ерлігі мен қажыр-қайратына тағзымын, шахтерлер қаласына деген мақтаныш сезімін жыр жолдары арқылы жеткізді. Кешке қаламыздың ардақты азаматтарын халықаралық деңгейдегі спорт шебері, Nomad MMA «Легион» клубының мүшесі, 2017 жылғы әлем біріншілігінде әлем чемпионы атағын жеңіп алған Яхнова Вероника Сергеевна, қаланың спорт өміріне қосқан елеулі үлесі үшін әлем чемпионының жаттықтырушысы Ан Валентин Валентинович, еңбек ардагері, «Астана-бас қала» өлеңінің авторы Зекен Абишев, «Күй-керуен» шертпе күй орталығының жетекшісі Садуакасов Кайролла Даулетбекович, №85 ЖББОМ оқытушылары Кузнецова Галина Васильевна, Горбатенко Любовь Александровна, «Күй-керуен» шертпе күй орталығының мүшесі Калкен Касымов қатысты. Кештің құрметті қонағы еңбек ардагері, құрметті теміржолшы Погонин Виктор Павлович көз алдында өсіп келе жатқан қаланың кешесі мен бүгінін тілге тиек ете келе, қала тұрғындарына игі жақсы тілегін арнады. Кеш барысында қарағандылықтар мен кеш қонақтарының құрметіне ТМС әртістері – Ж.Жуканованың, Е.Калиевтің, К.Ивановтың, «Арғынғазы» домбырашылар ансамблінің, «Магистраль» ардагерлер хорының, «Терпсихора», «Экспромт», «Ревиваль» би ансамблінің орындауында әндер шырқалып, бишілердің өнер көрсетті. Вестибюльде қонақтарды аса бай мағлұматқа толы «Шын жүректен мақтан етеміз сені –шахтерлер қаласы Қарағанды» атты суретті – кітаптар көрмесімен таныстырылды.  Кеш қорытындысында кешке шақырылған қонақтарды марапаттау рәсімі өтті.

IMG 20180210 WA0011IMG 20180210 WA0012IMG 20180211 WA0029IMG 20180211 WA0036IMG 20180211 WA0037IMG 20180211 WA0041IMG 20180211 WA0046IMG 20180211 WA0053IMG 20180211 WA0065

 

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика