Қарағанды қаласы әкімшілігінің, «Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің қолдауымен М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында ҚР Мәдениет қайраткері, Құрметті спорт қызметкері, «Ғажайыптар әлемі» кітабының авторы, Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты» медалінінің иегері Шуланбаев Абылай Ілтайұлымен «Сарыарқа саңлағы» атты кездесу кеші өтті. Кездесу кешінің қонақтары: Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Л.Т.Ақылжанова, ҚР Парламенті Сенатының Қарағанды облысынан депутат Р.Қ.Әбдікеров, Халықаралық «Құрмет» ордені мен «Еңбек Қызыл ту» орденінің иегері, ҚР Еңбек сіңірген мұғалімі, Мәдениет қайраткері, Самбодан Қазақ КСР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Жаңаарқа ауданының құрметті азаматы Д.Д.Биткөзов, «Парасат» ордені мен «Еңбек үздігі үшін» медалінің иегері, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының Құрметті азаматы Р.К.Омарбекова. Кездесу кеші Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің «Арқа сазы» фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен өтті. Шара барысында кеш кейіпкері Абылай Ілтайұлын Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Л.Т.Ақылжанова «Еңбек даңқы» медалімен марапаттады. Арнайы шақырылған қонақтар, Абылай Ілтайұлының замандастары, әріптестері естеліктерімен бөлісіп, мерейтой иесіне ізгі тілектерін білдірді. Кездесу кеші естелік фотосуретке түсумен аяқталды.

Шуланбаев   Шуланбаев1   Шуланбаев2

Яндекс.Метрика