18 қаңтар күні №2 жасөспірімдерге қызмет көрсететін кітапхана-филиалының кітапханашылары №18 ЖББОМ 8  сынып оқушыларымен Қазақстан  Республикасының  Президенті Н.Ә. Назарбаевтың   Қазақстан  халқына  Жолдауын  түсіндіру бойынша  «Төртінші  өнеркәсіптік  революция  жағдайындағы  дамудың  жаңа  мүмкіндіктері» атты дөңгелек үстел өткізді.  Мақсаты: Оқушыларға жалпы Стратегиялық жолдау жөнінде түсінік беру, Президент Жолдауының идеяларымен және міндеттерімен таныстыру, Елбасының саясатына ақпараттық қолдау көрсету, насихаттау. Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. Шара барысында Жалпы Стратегиялық Жолдау ұғымына және оның өзіндік ерекшеліктеріне тоқталып, түсінік берілді. Биылғы Жолдауында Мемлекет басшысы әлемдегі  ең дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы еліміздің 10 негізгі міндетін белгілеп берді. Жолдаудың мазмұны қазақстандықтар мүддесіне толық жауап бере алатын факторларды нақтылап өткен. Өнеркәсіп, аграрлық сала, білім мен денсаулық және мемлекеттік басқаруға жүктелген міндеттердің барлығында цифрландыру бағытын, заманауи технологияларды енгізу анық көрсетілген. Дөнгелек үстел барысында оқушылар  Жолдаудың міндеттерінде Қазақстан  халқына  жақсы  жағдай  жасаудың жолдары көзделгені туралы ойларын ортаға салды. Мектептің  оқу  ісі меңгерушісі  Ербол Амангелдіұлы оныншы міндет - «Ақылды қалалар» бағытына тоқталып өтті және Елбасының мұғалімнің мәртебесін көтеру туралы айтқан сөзі оқушылар мен ұстаздардың көңілінен шыққанын атап өтті. Мектеп кітапханашысы жетінші міндет -  «Адами капиталдың   жаңғыру негізі» бағытында сөйлеп,  Елбасының халыққа Жолдауы біздің болашақ өсуіміздің, өркендеуіміздің   нақты бағдарламасы тәрізді, біздер ел ертеңіне сене отырып, Елбасының  әр бастамасына қолдау танытамыз» деген сенімдерін білдірді.

 Фил 2юн Жолдау minФил 2юн Жолдау 1 minФил 2юн Жолдау 2 min

 

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика