№16 кітапхана-филиалының әдеби қонақжайында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын талқылау мақсатында «Әлем төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне кіреді» атты өзекті диалог өтті. Шараның мақсаты: кітапхананың оқырмандарын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Жолдауындағы төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында қазіргі Қазақстанның одан әрі дамуы туралы міндеттер арқылы берілген нақты нұсқаулармен таныстыру.

Кітапхананың оқырмандары үшін ҚММ орталықтандырылған кітапхана жүйесінің № 16 филиалында нақты

Іс-шараның басында Қ.Р. Президенті Н.Ә.Назарбаевтың төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында елдің дамуына арналған өзінің кезекті Жолдауы жарияланған бейнеролик көрсетілді. Жүргізушілер таяу болашақта іске асырылуы тиіс 10 негізгі міндеттің қысқаша сипаттамасын атап өтті:

- Қазақстан өнеркәсібі: жаңа технологиялар енгізудің флагманы, ресурстық әлеуетті пайдалану тиімділігі, ақылды технологияларды дамыту және т.б. Адам капиталы, денсаулық сақтауды, білім беруді, зейнетақыны дамытуға көп көңіл бөлінді. Іс-шара барысында «Менің елім, менің тағдырым, менің Президентім» тақырыбында әзірленген көрмедегі Қазақстанның тарихы, мәдениеті, саясаты туралы кітаптар мен мерзімдік басылымдарға шолу жасалды. Шара қорытындысында ұйымдастырылған пікірталас кезінде оқырмандар аталған мәселелерді бірлікпен, айқын, нақты мақсаттармен шешетінімізді дәлелдеді.

16 17.01 min16 . 17.01.2018 min17.01 min

 

 

Яндекс.Метрика