«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ өткізген мәдени іс-шаралар

ақпараты

Балаларды көркем әдебиетті оқуға тарту, оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында 2019 жылдың 27 наурызында №5 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалында«Балдәурен» балабақшасының тәрбиеленушілеріне арналған «Мұнда балалар бәрін білу үшін келеді» атты экскурсия өткізілді. Іс-шара барысында «Ертегілердегі Сиқырлы заттар», «Ертегілерді іздеңіз» атты қызықты конкурстар, «Ертегі айналымы» электронды викторина өткізілді. Балалар ертегі кейіпкерлерінен жеделхаттарды қызығушылықпен тыңдады және сиқырлы ертегі кейіпкері Факирдің шығуы оларға Шығыс ертегі әлеміне саяхаттауға мүмкіндік берді. Іс-шара соңында кітапханашылар кітапхана бойынша экскурсия өткізіп, балаларды кітапхананың кітап қорымен, кітапхана және кітапхана кітаптарын пайдалану ережелерімен таныстырды.

5д11   5д111   5д1111

Яндекс.Метрика