Қарағанды қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде

 өткізілген мәдени шаралар ақпараты

    26 наурыз күні  №12 балаларға қызмет көрсететін кітапхана бөлімшесінің қызметкерлері мен №53МЛ бірлесіп  оқу залында балалардың көктемгі демалысын тиімді өткізу мақсатында «Кітаппен өмір шуақты» атты кітап мерекесін өткізді. «Ертегі кейіпкерлері: жақсылық пен жамандық» ертегі марафоны ойнатылды. Балалар түрлі ойындар мен сайыстарға түрлі викториналық сұрақтарға жауап беріп өз білімдерін көрсетті. Шара соңында балалар жаңа кітаптармен танысты. Мереке балалардың көңілінен шықты, олар барлық сайыс түрлеріне белсене қатысып мерекелік көңіл күйде болды.

12д   12д1   12д2

26 наурыз  №11 балаларға арналған кітапхана филиалы «Кітап патшалығы»  балалар кітап апталығына орай балалар кітап вернисажын өткізді. Мақсаты: балаларды кітап мерекесімен таныстыру, балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін және ұқыпты қарым-қатынасын тәрбиелеу. «Кітап патшалығы» атты балалар кітап апталығында біздің кішкентай достарымыз "Аққу" балабақшасынан мектепке дейінгі балалары келді. Өздерінің бастапқы білімдерін авторлар, олардың кітаптары туралы "Кубик - рубик" және "Ертегідегі иллюстрация" байқауларында, "Кітап нені ұнатады және нені ұнатпайды?" атты тапқырлық ойынында  өздерін көрсете алды.  Шара соңында олар жаңа кітаптардың құпиясымен танысты."Әлемдегі кітап кемесі" хит-парадының көрмесі оларды түрлі елдер мен халықтардың үздік ертегілерімен, сондай-ақ музыкалық кітаптармен, пазл-ойыншықтармен-панорамалармен таң қалдырды.

11д.1

26 наурыз күні №15 балаларға қызмет көрсету филиалында балалардың көктемгі каникулына арналған «Кітап патшалығы шақырады» атты  кітапханамен танысу сағаты өтті. Менің ұзын кітабым, менің алғашқы сөздігім кітаптапын балалар парақтап өздері ұнағандықтарын білдірді.

15д   15д1

Яндекс.Метрика