«Қарағанды қаласы орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

өткізген мәдени шара туралы ақпарат

        2019 жылы 6 наурыз күні «Қарағанды қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ қолдауымен М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында өлкетану бөлімінің  ұйымдастыруымен «Кітап.Уақыт.Біз» атты кітапхана қызметкерлерінің арасында  кітапхана кеші ұйымдастырылды. Кештің мақсаты жас мамандарымыздың шығармашылық жетістіктерін айқындау, жұмыстың жаңа түрлері мен әдістерін енгізуге ықпал ету, ұжымда позитивті жұмыс дәстүрін қалыптастыру, кітапхана мен оның қызметкерлерінің имиджін нығайту болып табылады.

           Кітапхана кешіне Орталық қалалық кітапхананың және  №22, №27, №6, №8 кітапхана-филиалдарының, сонымен қатар №5,  №1, № 15 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалдарының мамандары қатысты. Кітапхана кеші «Таныстыру», «Рухани жаңғыру», «Қолжетімді кітапхана», «Біздің уақыт», «Кітапхана жастары» және «Мобильді кітапхана»  бөлімдері бойынша екі топтың сайысы түрінде өткізілді. Іс-шара барысында аталған бөлімдердің қызметкерлері өз топтарын таныстырып, латын қаріпінде тапсырмалар орындап, видео-слайд көрсетіп, өз өнерлерін ортаға салды. «Біздің уақыт» бөлімінде кітапханашылар кітапханамызда ашылған коворкинг орталығының теннисімен  және дойбысымен бақтарын сынады. Кеш соңында сайыстың қортындысы шығарылып, ең белсенді қатысушыларға сертификат табысталды.

     DSC1249    DSC1314    DSC1342
 

Яндекс.Метрика