«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ
коворкинг-орталығының ашылуы

Қарағанды қаласының 85-жылдық мерейтойына орай, кітапхана пайдаланушыларының шығармашылық дамуы үшін және жастардың бос уақыттарын тиімді өткізу үшін көпфункционалды кеңістік құру мақсатында, М.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында 08.02.2019 жылы DAMÝ KEŃISTIGI коворкинг-орталығы ашылды.

Орталықтың ашылуына кітапхана оқырмандары, «Нұр Отан» партиясының Қарағандыдағы филиалының өкілі Ю.В.Бадина, «Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ жетекшісі Б.С.Нұртаева, қалалық мәслихаттың депутаты В.Н.Мазитов, студенттер және БАҚ өкілдері («Орталық Қазақстан», «Индустриальная Караганда») қатысты.

         DAMÝ KEŃISTIGI – бос кеңістік, барлық келушілер үшін ашық, жұмыс істеуге және интелектуалды демалысқа қажетті барлық жағдайлар жасалған: ыңғайлы креслолар, үстелдер, ноутбуктер, принтер, сканер, бірлескен және жеке жұмыстар үшін аймақтар, тегін Wi-Fi, демалыс аймағында:  смартфонға 3D көзілдірік, тоғызқұмалақ, шахмат  және теннис үстелі.

         Шара барысында қалалық кітапхана қызметкерлері, сүйікті қаламыздың дамуы туралы ақпаратты жедел табуы үшін,   «Қарағанды ​​қаласының жергілікті тарихы» бағыты бойынша мобильді кітапхананы назарларына ұсынды.

         «Жастар жылы» шеңберінде жеке кәсіпті қолдау мақсатында, жас кәсіпкерлер бірігіп семинар және конференциялар өткізу үшін «Білім орталығы» аймағы құрылды. Осы «Білім орталығы» аймағында бастамашы жастар командасы Enactus KEU келешек жас кәсіпкерлер үшін «Enactus Қазақстан» атты бизнес және білім беру саласы бойынша презентациялар өткізді. Ал оқу залында «Қарымды қаламгер»  жас ақындар клубы Қарағанды қаласының гуманитарлық колледжінің студенттерімен кездесу ұйымдастырды.

         Балалар аймағында бүлдіршіндер мен олардың ата-аналары үшін, баланың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған. Бұдан басқа, келушілердің назарына іскерлік және көркем әдебиеттер қоры мен электрондық кітаптар ұсынылды.

         Кітапхананың барлық қызмет түрлері тегін.

       DAMÝ KEŃISTIGI коворкинг-орталығы мына мекенжайда орналасқан: Қарағанда қаласы, Төлепов көшесі, 17. Байланыс  телефоны: 42-12-26.

         Келем деушілерге  сейсенбі мен жексенбі күндері сағат 9:00 - 18:00 аралығында есік ашық!

 DSC0828  DSC0836  DSC0844  DSC0849

Яндекс.Метрика