Қарағанды қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде

 өткізілген мәдени шаралар ақпараты.

24 қаңтар күні Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №8 кітапхана-филиалында  «Көркем әдебиет – рухани білім көзі» атты әдеби жаңалықтар бюросы өтті. Кітапханаға келген  оқырмандарды кітапханашылар қорға  жаңадан келген көркем әдебиеттермен таныстырды. Оқырмандар назарына Қоңырова З. «Жүрегімнің қалауы», Көпіш Ә. «Мәңгілік мадан», Ғаббасов С. «Күпті көңіл» және тағы басқа көптеген кітаптар ұсынылды. Өткізілген іс-шараның басты мақсаты: оқырмандарды жаңадан келген көркем әдебиеттермен таныстыру, кітапхананы насихаттау.

IMG 20190124 WA0011

IMG 20190124 WA0027

IMG 20190124 WA0028

25 қаңтар күні Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №22 кітапхана-филиалының «DAMU KENISTIGI» коворкинг орталығында робототехника бойынша мастер-класс өткізілді. Бұл жұмысқа №8 ЖББОМ робототехника жаттықтырушысы,  инженер-мұғалім Абдуллин Асхат Аманбайұлы мен сол мектептің 9-сынып  оқушылары белсене қатысты. Өткізілген шараның мақсаты: балаларды жобалық ойлауға және командалық жұмысқа үйрету. Іс-шара барысында қатысушылар бағдарламалау негіздерін оқып, LEGO-дан роботты өз бетінше жинап, робот техникасы бойынша теориялық білім алды.

2019 01 23 15 43 14 635

IMG 20190123 WA0067

IMG 20190123 WA0063

IMG 20190123 WA0071

25 қаңтар күні Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №1 жасөспірімдерге қызмет көрсету кітапхана-филиалында Қарағанды қаласының 85 жылдығына орай «Саттар Ерубаевтың әлемі» атты әдеби қонақжай өткізілді. Іс-шараға №65 ЖББОМ 8 сынып оқушылары шақырылды. Шараның мақсаты: жастарды дарынды жазушы С. Ерубаевтың әдеби мұрасымен таныстыру, С. Ерубаевтың өмірі мен қызметін мысалға келтіре отырып, өз өлкесіне деген сүйіспеншілікке және отансүйгіштікке тәрбиелеу, оның шығармаларында сипатталған жалпыадамзаттық идеяларды жастарға насихаттау. Іс-шараға қарағандылық жазушы Баймұханов Мұхаметқали қатысты. Ол кісі балаларға біздің қаламыздың тарихын, оның қалыптасу және даму кезеңдері туралы қызықты айтып берді. Оқушылар мен жазушы арасында Саттар Ерубаевтың өмірі мен қызметі туралы диалог қызықты өтті. Сонымен қатар «Жастар» БЖК нұсқаушысы Н. Жұманбаева С. Ерубаевтың «Менің құрдастарым» кітабы туралы пікірімен бөлісті.  Іс-шараға кітапханашылар жазушының шығармашылығына арналған  кітап көрмесін, «Аққан жұлдыз жарығы!» слайдын дайындады. Іс-шара соңында барлық қатысушылар естелік суретіне түсті.

Ерубаев 2

Ерубаев 3

 

Яндекс.Метрика