Ақпарат

«Қарағанды қаласының ОҚК» КММ-дегі жаппай өткен іс-шаралары туралы

30 қазан күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінің кітапханашылары «Кітап алтын қазынам» атты экскурсия сағатын өткізді. Мақсаты: Кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, ақыл-ойын, кітапты сүюге, ғибрат сөздерден үлгі-өнеге алуға, кітапты құрметтеуге баулу.Шараға №62 жалпы білім беретін орта мектептің 4 сынып оқушылары мен  сынып жетекшілері Ш.Б. Акижанова және  №13  жалпы білім беретін орта  мектептің кітапханашысы Г.Блалова,  6 «ә» сынып оқушылары ,сынып жетекшілері К.Бояубаева  қатысты. Балалар бөлімінің кітапханашылары оқушыларды «Кітап сүйерлер», «Кітап құмарлар» деп 2 топқа бөлді.

І кезең. «Білім көзі- кітапта» бұл кезеңде қойылған сұрақтарға екі топтың оқушылары белсене жауап берді.

 ІІ кезең.  «Мақал-сөздің мәйегі»  бұл кезеңде гүлдердің артына жазылған мақалдардың жалғасын табу тапсырылады.

ІІІ кезең. «Көңілді тапқырлар»  бұл кезеңде әр топ өздеріне берілген «А» және «Б» әріптерінен ғана басталатын сөздермен жауап беру  тапсырылды.

ІV кезең. «Ойлан, тап»  бұл кезеңде жасырынған сурет арқылы сөздерді табу тапсырылды. 

V кезең. «Жауабын тап» бұл кезеңде әр топ өздеріне қойылған жұмбақтарға жауап береді.

VI кезең. «Бір үзім нан» ертегісін латын тілінде жазды.

Екі мектептің де оқушылары үлкен – кішісіне қарамай  белсене қатысып өз білімдерін көрсете білді. Атап өтетін болсақ                                                                                                                                                                                   №13  жалпы білім беретін орта  мектептің 6 «ә» сынып оқушылары А.Амантаева, Ә.Төлеутай, А.Пазылов және №62 жалпы білім беретін орта мектептің 4 сынып оқушылары А.Оралбай,  А.Махсұтова,  Ә.Тұрлыбай, Ә.Әсемхан мектеп қабырғасында алған білімдерін көрсете білді. Қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары «кітаптар мұңы» деп аталатын көрініс қойды. Кітап көрмесіне шолу жасалды.

фото2

фото3

цгб

Яндекс.Метрика