Ақпарат

2018 жылдың 2-қарашасы күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында «Әуезов әлемі» атты кітапхана филиалдарының арасында сайыс өткізілді. Мақсаты: Елбасымыздың «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» бағдарламалық мақаласының аясында латын  қаріпін жазып, оқып дағдыландыру.Қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым -  Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің шығармаларын дәстүрлі түрде дәріптеу.Кітапхана қызметкерлерінің арасында белсенділікті арттырып, оқырмандарға М.О.Әуезов шығармасын насихаттау. Бүгінгі кітапхана филиал кітапханалары арасында өткізілген «Әуезов әлемі» сайыста алты кітапхана филиалы қатысты.Сайысты өлкетану бөлімінің кітапханашысы Ғ.Т.Ғабдолла жүргізді.Сайыс төрт кезең бойынша өткізілді. Елбасымыздың «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» бағдарламалық мақаласының аясында латын қаріпін жазып, оқып дағдыландыру мақсатында тапсырмалар ойнатылды және «Қарымды қаламгер» жас ақындар клубының мүшесі Майрол Ораза-ай өз шығармашылығынан поэзия оқыды.Сайысқа қатысушылардың арасында жеңімпаздарды  бағалау мақсатында әділқазылар шақырылды. Шара соңында қазылардың шешімімен 1-орынды №4 филиал кітапханашысы Дана Мұратқызы, 2- орын №11 Қалиақпарова Айбану Талғатқызы және3-орынды №22 филиал кітапханашысы Ортенхан Перизат иеленіп марапатталды.

2фото

фото3

цгб 1

Яндекс.Метрика