15 сәуір 2021жылы М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада «Өлке тұлғалары» кітапханалық тележобасы аясында ҚР IIM Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының профессоры, полиция полковнигі Егізбаев Сансызбай Қармысұлы мен сарбаздардың қатысуымен «Бақытыңды кітаптан ізде» тақырыбында кездесу кеші өтті. Іс-шара қонақтары:  Қылмыстық құқық, процесс және криминалистика кафедрасының профессоры Шакенов Ардақ Ордашұлы; Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы орталық өңірлік қолбасшылығы 5451 әскери бөлімнің Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық бөлімшесі бастығының аға көмекшісі майор Ибрагимова Жанар Нұрқанқызы мен сарбаздар; «Қарымды қаламгер» клубының мүшесі Майролқызы Ораз-Ай; Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық Университетінің 3 курс студенті Роза Майролқызы. Іс-шараны модератор М.О.Әуезов атындағы ОҚК өлкетану бөлімінің меңгерушісі А.Толеуханова ашып, қатысушыларды кеш қонағымен таныстырып өтті. Одан әрі Сансызбай Қармысұлы өзінің еңбек жолындағы қызықты жайттармен бөлісіп, кітаптың алар орыны жайында баяндай отырып жастарды кітап оқуға тарту туралы өз тәжірибесімен бөлісті. Іс-шара барысында қонағымызға сарбаздар өз сұрақтарын қойып жауап алды. Кеш барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы орталық өңірлік қолбасшылығы 5451 әскери бөлімнің мерзімді қызметшісі қатарындағы жауынгер Ж.Адимовтың орындауында «Офицеры» әнін және Қазтұтыну одағы Қарағанды экономикалық университетінің  3-курс студенті Р.Майрол «Қазақ елі» өлеңін шырқады.

001  002  003  004

  14.05.2021 жылы М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында Ұстаз, өлкетанушы, Ақтоғай ауданының «Құрметті азаматы», «Құрмет белгісі» ордені иегері Мұқан Тұңғышбай Өміртайұлымен «Өлке тұлғалары» кітапханалық тележоба аясында Қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, публицист, «Алаш» партиясы көшбасшыларының  бірі  Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл толуына орай «Алаштың ұлы тұлғасы Әлихан» атты тақырыбында кездесу кеші өтті. Іс-шара Құрманғазының «Адай» күйімен басталды, орындаған «Есіл» өнер студиясының домбыра сыныбының ұстазы  Ерасыл Бақдәулетұлы.   Іс-шараны модератор М.О.Әуезов атындағы ОҚК өлкетану бөлімінің меңгерушісі А.Толеуханова ашып, қатысушыларды кеш қонағымен таныстырып өтті. Одан әрі Тұңғышбай Өміртайұлы Әлихан Бөкейхан жайында қысқаша мағлұмат бере отырып,  өзінің еңбек жолын айтып өтті.

001  002  003  004  005

  2021 жылдың 9 желтоқсан күні «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ №6 кітапхана филиалында  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Өлке тұлғалары» кітапханалық тележоба аясында қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, публицист, «Алаш» партиясы көшбасшыларының бірі Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына арналған «Азаттық таңын аңсаған алаш арысы» атты кездесу кеші өтті. Кездесу кештің қонақтары Офлайн-онлайн арқылы қосылды: Әлихан Бөкейханов атындағы мектептің тарих пәнінің мұғалімі Ракишев Жаннұр Ермекұлы; 5451 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық бөлімшесі бастығының аға көмекшісі майор Ибрагимова Жанар Нұрқанқызы, 5451 әскери бөлімінің сарбаздары; Ақтоғай ауданы Әлихан Бөкейханов атындағы тірек мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Манарбек Нұргүл Маратқызы; Балқаш қаласы Білім бөлімінің Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейінің директор орынбасары Берлібек Балтабекұлы; Шахтинск қаласының Әлихан Бөкейханов атындағы жалпы білім беретін мектептің педагог-ұйымдастырушысы Ахметкалиева Кербез Сериккалиевна; Теміртау қаласы Әлихан Бөкейханов атындағы гимназияның оқу ісінің меңгерушісі Қалима Бопан. Іс-шарада Әлихан Бөкейханов атындағы №76 мектептің мұғалімі Жаннұр Ермекұлы Алаш арысының мектептегі музейі жайлы айтып өтті, мектеп оқушыларының түсірген бейнематериалымен таныстырды. ZOOM платформасы арқылы қосылған облысымыздың Әлихан Бөкейханов атындағы мектептері де қоғам қайраткері туралы мәліметтерімен бөлісті.

001  002  003  

  24 маусым  2021 жылы М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада «Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тірбиесі және спорт бөлімі»ММ қолдауымен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрсалхан Ахметова Бейсенбековамен кездесу өтті. «Тәуелсіздік  - басты құндылық» кездесу кеші «Өлке тұлғалары» кітапханалық тележобасы аясында өтті. Іс шара ғылыми құжаттама мұрағатының директора Аршабеков Темірғали Тілеубекұлы, Н.А.Бейсенбекованың шәкірттері, Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университетінің 4 курс студенттері, кітапханашылар және кітапхана оқырмандары қатысты. Н.А.Бейсенбековамен кездесі өте тартымды өтті, Нұрсалхан Ахметованың отбасы, өмірі мен шығармашылығы, ғылыми зерттеулермен қалай айналысқаны туралы әңгімелері шынайы қызығушылықпен және ықыласпен тыңдалды. Кеш бойы Н.А.Бейсенбекованың атына магистранттар мен студенттерден ізгі тілектер келіп түсті, ал Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университетінің 4 курс студенттері Нұрасем Ақан мен Серікбол Әсемгүл өлең оқыды. Кездесу өте тартымды және қызықты өтті.

001  002  003  

 23 қараша 2021 жылы «Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ колдауымен «Қарағанды қ. Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығы қарсаңында «Өлке тұлғалары» кітапханалық тележоба аясында «Еліне елеулі азамат» атты кездесу кеші өтті. Кездесу кештің қонағы қоғам қайраткері, «Халық алғысы» мерекелік медалінің иегері, «Нәтиже» компаниясы мен «220 VOLT» фирмасының бас директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа-2020» сыйлығының иегері, Әшім Ерлан Мұқатайұлы. Іс-шараға жоғары оқу орнының студенттері мен жас кітапханашылар қатысты.

001  002  003  004

Яндекс.Метрика